Тогайбекова Жанат Есенгалиевна, 1973 жылы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақсатан облысы,Шымкент қаласында туылды.

1989 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Шымкент медициналық училищесіне оқуға түсті. Отбасының Алма-Ата қаласына көшуіне байланысты Республикалық медициналық училищесіне ауыстырылды.Ол жерді 1991 жылы үздік дипломмен бітіріп, сол жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне түсті, 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын дәрігер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының «дерматовенерология» курсымен жұқпалы аурулар» кафедрасының тәлімгер-зерттеуші лауазымынан бастаған. Одан 1999-2003 жылдар аралығында облыстық тері-венерология диспансерінде дәрігер-дерматовенеролог, 2003-2010 жылдар аралығында Амбулаториялық хирургия, травмотология және гинекология орталығында дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары лауазымдарында жұмыс жасап, 2010-2015 жылдары облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры болып тағайындалды. 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін облыстық балалар оңалту орталығында бас дәрігер лауазымын атқарған. 2017-2019 жылдары «№ 1 оңалту орталығында» бас дәрігері лауазымын атқарған.

2019 жылдан бастап кәзіргі таңға дейін Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау қалалық емханасы" бас дәрігері лауазымын атқаруда.

2010 жылы "Медицина саласының үздігі" төс белгісімен марапатталған.

"Нұр Отан" партиясының белсенді мүшесі.

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз