ТАҒАЙЫНДАУ
Мырзабеков Гани Бахтиярович 1984 жылы қыркүйек айының 5-жұлдызында Сарағаш ауданы, Жібек жолы ауылында дүниеге келген. 2001-2007 ж.а Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясында емдеу ісі мамандығы бойынша, 2007-2008 ж.а интернатураны тәмәмдаған.
Қосымша мамандықтары:
2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті «Экономика және бизнес» бакалаврын,2015 ж КМУНО «Медициналық мекемелерде пациенттерді қолдау және ішкі бақылау жұмыстарының ерекшелігі», 2016 ВШОЗ Денсаулық сақтау менеджменті «Эксперттік жұмыстарды ұйымдастыру ісі» Тәуелсіз эксперт, 2017 ж КМУНО «Анестезиология және интенсивті терапиядағы инновациялық технологиялар», 2017 ж Новосібір мемлекеттік университеті «Жалпы медицинадағы өзекті мәселелер», 2019 ж Республикалық «Санат» кәсіби даму орталығы «Эксперттік жұмыстарды ұйымдастыру» Тәуелсіз эксперт, 2021 жылы Орталық Азия Инновациялық университеті «Экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтарын бітірген.
Еңбек жолы:
26.11.2008-01.06.2010 жж. – Медициналық пунктте дәрігер, Жамбыл облысы, Меркі.
01.06.2010-11.12.2010 жж. - Жамбыл облысы, Меркі ауданы медициналық пункт басшысы.
2011-2012 жж – Келес аудандық ауруханасында дәрігер-эксперт.
01.11.2012 – 03.2020- Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің сапа жөніндегі орынбасары.
03.2020 – ЖШС «MEDina» емдеу орталығының бас дәрігері, қосымша ЖШС «14 емдеу орталығында» дәрігер-анестезиолог қызметтерін атқарған.
31.12.2022 жылдан бастап қазіргі сәтке дейін Кентау қалалық емханасы басшысының қызметінде.