Мырзабеков Ғани Бахтиярұлы 2001–2007 жылдары «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында» «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар, 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленген. 2021 жылы Орталық Азия инновациялық университетінде «Экономика ғылымдарының магистрі» дәрежесі бойынша білімін жетілдірген. Сондай-ақ, 2025 жылы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ-да 7М04103 «ЕМИА» білім беру бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған. Кейін аталған мекемеде дәрігер қызметін атқарған. 2008–2011 жылдары Жамбыл облысындағы №11971 әскери бөлімінің медициналық пунктінде дәрігер болды.
2011–2012 жылдары Сарыағаш ауданындағы «Абай» Келес аудандық ауруханасында дәрігер-сарапшы қызметін атқарса, 2012–2020 жылдары аталған мекемеде басшының орынбасары лауазымында еңбек етті. 2020–2022 жылдары «Medina» ЖШС-нің бас дәрігері болды.
2022–2025 жылдары «Кентау қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-нің бас дәрігері , 2025–2026 жылдары «Түркістан қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-де бас дәрігер қызметін атқарған.
Ғани Бахтиярұлы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша бірінші біліктілік санатына, сондай-ақ анестезиология және реаниматология мамандығы бойынша екінші біліктілік санатына ие.
Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл

Пікірлер қосу