Көз дәрігері - көру саулығын сақтау маңызды бағыт
Офтальмология - көру мүшелерінің саулығын сақтау мен қорғауға бағытталған медициналық сала. Көру қабілетінің төмендеуі күнделікті өмірге, еңбекке және жалпы өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сол себепті көз ауруларын ерте кезеңде анықтау және жүйелі бақылау - негізгі міндеттердің бірі.
Көз дәрігері Ерлан Қыдырбайұлы заманауи диагностикалық әдістерді қолдана отырып, көру қабілетін сақтау, көз ауруларының алдын алу және уақтылы емдеуге басымдық береді. Кәсіби қызмет дәлдікке, мұқияттылыққа және әр пациентке жеке көзқарасқа негізделген.
2026 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесі аясында офтальмологтың консультациясы, диагностикалық тексерулер мен емдеу шаралары бекітілген тәртіпке сәйкес көрсетіледі. Бұл жүйе тұрғындардың офтальмологиялық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және көз ауруларының асқынуын азайтуға бағытталған.
Кәсібилік, медициналық жауапкершілік және пациент қауіпсіздігі - офтальмологиядағы негізгі қағидаттар. Әр пациентке сапалы, уақтылы және тиімді медициналық көмек көрсету - дәрігердің күнделікті міндеті.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Енді азаматтар кемінде бес жыл қатарынан жарна төлеген болса, уақытша төлем тоқтатылған жағдайда алты айға дейін сақтандырылған мәртебесін сақтай алады (бұған дейін бұл мерзім 3 ай болатын). Бұл туралы толығырақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан түсіндіріп берді.
Оториноларингология - сапалы медициналық көмектің маңызды бағыты
Оториноларингология адам денсаулығы үшін маңызы жоғары медициналық салалардың бірі болып табылады. Құлақ, мұрын, тамақ ауруларын дер кезінде анықтау және емдеу асқынулардың алдын алып, пациенттердің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Оториноларинголог Жақыпов Дәулет өз кәсіби қызметінде дәл диагностикаға, уақтылы емдеуге және профилактикаға ерекше мән береді. Дәрігердің басты ұстанымдары - кәсібилік, жауапкершілік және пациентке құрмет.
2026 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесі аясында ЛОР дәрігерінің консультациясы, диагностикалық тексерулер мен емдеу шаралары қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Сақтандырылған азаматтар медициналық көмекті белгіленген тәртіп бойынша, медициналық ұйымға тіркелу және жолдама негізінде ала алады.
МӘМС жүйесінің негізгі мақсаты - халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сапалы және қауіпсіз қызмет көрсету.
Оториноларингология саласындағы медициналық көмектің тиімділігі - пациенттердің денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Д, Е санаттары мен ресми жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасын әкімдік төлейді
Түркістан облысында медициналық ұйымдарға тіркелген халық саны - 2 075 225 адам.
Соның ішінде 1 787 237 тұрғын (86,1%) МӘМС жүйесінде сақтандырылған,
287 988 адам (13,9%) - сақтандырылмаған.
Соңғы 1 жылда сақтандырылмағандар саны 102 055 адамға, яғни 26,2%-ға азайды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен өңірлік штаб отырысында айтылды.
Негізгі мәселе - өңір халқын МӘМС жүйесіне кеңінен тарту.
Жиынға басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Қанат Қайыпбек:
«МӘМС жүйесіне тарту жұмыстарын күшейтіп, оның орындалуын қатаң бақылауға алу қажет. Сондай-ақ тұрғындардың рұқсатынсыз медициналық ұйымға тіркеу фактілеріне жол бермеу керек», - деді.
Маңызды ақпарат
- МӘМС пакеті кеңейіп, созылмалы және әлеуметтік мәні бар аурулар енгізілді;
- Д есепте тұрған науқастарды МӘМС жүйесімен толық қамту жұмыстары жүргізілуде;
- Ресми жұмыссыздар және әлеуметтік саламаттылықтың D, E санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарнасын жергілікті атқарушы орган төлейді;
- Қазіргі таңда бұл санаттағы азаматтарға МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған мәртебе берілген.
Егер аталған азаматтар медициналық көмекке жүгінсе, еш кедергісіз қызмет алады.
Мәртебе бойынша сұрақтар туындаса, медициналық ұйымдағы Пациентті қолдау қызметіне жүгінуге болады.
Халықты МӘМС жүйесі туралы ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда.
2026 жылы МӘМС-ке кім қанша төлейді?
2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.
Жұмыс берушілердің аударымдары - қызметкер табысының 3%-ы
Аударымның ең жоғары мөлшері - айына 102 000 теңгеге дейін
Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары - табыстың 2%-ы
Ең жоғары жарна - айына 34 000 теңгеге дейін
Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары - айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)
Дербес төлеушілердің жарналары - айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)
Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері - 85 000 теңге
МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
• «Қазпошта» АҚ кассаларында
• екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
• төлем терминалдары арқылы
МӘМС - күтпеген медициналық шығыннан қорғайды. Ертеңіңізге сенімді болыңыз!
Қазақстандықтардың көпшілігі созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша ТМККК (ГОБМП) және МӘМС (ОСМС) аясында тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Алайда бұл мүмкіндіктің қалай жүзеге асатынын бәрі бірдей біле бермейді.
Дәрі-дәрмектер поликлиника деңгейінде арнайы Тізбе бойынша беріледі (ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы). Бұл тізбеде:
• ауру түрлері,
• оларға арналған дәрі-дәрмектер,
• дозалары,
• тегін алуға құқығы бар азаматтар санаттары көрсетілген.
Дәрі-дәрмектерді поликлиникаларға «СК-Фармация» ЖШС жеткізеді, ал төлем ТМККК бюджеті мен МӘМС қаражаты есебінен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады.
2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 262,95 млрд теңге бөлінді.
Осы жылдың 7 айында:
• ТМККК аясында 1,4 млн пациент дәрі-дәрмек алды
(131,77 млрд теңге, 49 ауру бойынша 5,4 млн рецепт);
• МӘМС жүйесінде 1,26 млн пациент қамтылды
(18,5 млрд теңге, 53 ауру бойынша 4,8 млн рецепт).
Салыстыру үшін: 2024 жылы
• ТМККК бойынша - 215,3 млрд теңге,
• МӘМС бойынша - 30,9 млрд теңге игерілген.
Дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?
Пациент тізбеде көрсетілген ауру бойынша диспансерлік есепте тұруы керек. Ол үшін қажетті тексерулерден өтеді. Диспансерлік есепке алынғаннан кейін дәрігер рецепт жазады. Сол рецепт пен жеке куәлікпен поликлиникадағы дәріханаға жүгіну қажет.
Егер дәрі-дәрмек ұзақ уақыт бойы жоқ болса, 1439 нөмірі арқылы «СК-Фармацияға» хабарласуға болады.
Ал мәселе жеткізуге байланысты болмаса, ӘМСҚ-ға мына арналар арқылы жүгінуге болады:
• eOtinish,
• Qoldau 24/7,
• Telegram-бот @SaqtandyryBot,
• msqory.kz сайты.
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдуалиев өңірде жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндады.
МӘМС-ҒА ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН КІМ БОСАТЫЛДЫ?
Егер Сіз келесі жеңілдік санаттарының біріне кірсеңіз, мемлекет Сіз үшін МӘМС жарналарын төлейді.
Егер Сіз тізімде жоқ болсаңыз-растайтын құжаттардың тізімін жинап, оны ХҚКО-ға ұсыну қажет. Ақпаратты растау үшін ол мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
Жеңілдік санатына кім кіреді?
балалар
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар
мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар
мүгедектер
зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар
жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар
жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар
жұмыс істемейтін оралмандар
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда)сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар
тергеу изоляторларындағы адамдар
Флюорография 2026 | МӘМС аясында
2026 жылы флюорографиялық тексеру Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тегін көрсетіледі:
МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға;
Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге;
Туберкулезге күдігі бар, байланыста болған тұлғаларға;
Дәрігердің жолдамасы бойынша.
Тегін көрсетілмейді:
МӘМС-ке сақтандырылмаған азаматтарға;
Профилактикалық тексеруге өз бетінше, жолдамасыз келген тұлғаларға.
Маңызды:
Флюорографиядан өту үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы міндетті.
Бұл ақпарат азаматтарды хабардар ету мақсатында дайындалды.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 3,6 миллион адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Оның ішінде шамамен 1 миллион адам - әлеуметтік әл-ауқатының дағдарыстық және шұғыл деңгейіндегі азаматтар, яғни олар жарналарды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Осылайша, олар сақтандырылып, МӘМС аясында қажетті медициналық көмекті ала алады.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттер ресми түрде тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналарды төлеу міндетін өз мойнына алады. Бұған дейін бұл төлемдер республикалық бюджеттен жүзеге асырылып келген.
Естеріңізде болсын, сақтандырылған азаматтарға тегін қолжетімді: диагностика, дәрігерлердің консультациясы, жоспарлы операциялар, емдеу, оңалту және басқа да медициналық қызметтер.
Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелу қажет.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетіне кіреді:
• туберкулез;
• адамның иммун тапшылығы вирусы;
• созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы;
• қатерлі ісіктер;
• психикалық және мінез - құлық ауытқушылықтары;
• жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
• жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
• орталық жүйке жүйесінің аурулары;
• сирек кездесетін, яғни орфандық аурулар;
• эпилепсия;
• цереброваскулярлық аурулар (1 жыл көлемінде).
Яғни, осы тізімге енген ауруы бар пациенттер дәрігерлік бақылауды, дәрілік препараттарды, зертханалық талдауларды тегін алады.
МӘМС - ке жарна төлей алмаған азаматтар әкімдіктер есебінен сақтандырылады.
Биыл ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін жарна республикалық бюджет есебінен төленсе, 2026 жылдан бастап бұл міндет жергілікті әкімдіктерге жүктеледі.
Сонымен қатар әр отбасының әлеуметтік жағдайы бағаланып, арнайы санаттарға бөлінеді. Төменгі санатқа жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыру жарналары да жергілікті бюджеттен төленеді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өкілі Забира Оразалиева Қазақстан телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында толық түсіндіріп берді.
2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев МӘМС мәселелері бойынша №206 - VIII ҚР Заңына қол қойды. Өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар табысы төмен және жұмыссыз азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуге жауапты болады. Бұл жарналар «D» және «E» санатындағы азаматтардың барлығына емес, МӘМС аясында медициналық қызметті нақты алған тұлғалар үшін төленеді.
2026 жылдан бастап ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеу республикалық бюджеттен әкімдіктерге беріледі. Субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға бұл өзгеріс қолданылмайды.
Сондай - ақ скринингтік зерттеулер, оның ішінде онкологиялық скринингтер, ТМККК пакетіне енгізілді. Енді азаматтар сақтандыру мәртебесіне қарамастан бірқатар ауруларды ерте анықтау қызметтерін тегін ала алады.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Аталған өзгерістер халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
2025 жылы 70 қазақстандық мемлекет есебінен шетелде емделді.
Тағы 7 адам еліміздегі медициналық ұйымдарда шетелден шақырылған мамандардың қатысуымен ем қабылдады. Мұндай медициналық көмекті алу тәртібі туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева айтып берді.
Медициналық көмек туралы, сондай - ақ МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша (емхана мен аурухана деңгейіндегі медициналық көмек, диспансерлеу, дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету, госпитализациялау, медициналық көмектің сапасы, медициналық персонал тарапынан болған бұзушылықтар мен шағымдар және т.б.) нақты әрі толық ақпаратты мына ресми арналар арқылы алуға болады:
*1414* - Бірыңғай байланыс орталығы
*SAQTANDYRYBOT* - Telegram - бот
*QOLDAU 24/7* - мобильді қосымша
*EGOV.KZ* және *EGOV MOBILE* - электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшасы
*Тіркелген емханаңызда* - тіркеу орны немесе жауапты мамандар
Ақпарат алу үшін тек ресми көздерге жүгінулеріңізді сұраймыз.
МӘМС бойынша ТОП - 10 сұрақ
1. МӘМС нақты нені қамтиды?
МӘМС - бейінді дәрігерлердің кеңесі, зертханалық талдаулар және диагностиканы (УДЗ, рентген, КТ, МРТ) қамтитын жоспарлы медициналық қызметтер. Бұдан бөлек күндізгі және тәулік бойғы стационарда жоспарлы емделу мүмкіндігі бар, яғни медициналық көрсеткіштер болған жағдайда емдейді немесе оталарға жолдама беріледі, оның ішінде жоғары технологиялық операциялар да бар.
МӘМС пакетіне келесі қызметтер кіреді:
1) амбулаториялық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:
- ТМККК аясындағы профилактикалық тексерулер мен скринингтік зерттеулерден бөлек профилактикалық медициналық тексерулер;
- алғашқы медициналық - санитарлық көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың қабылдауы және кеңесі;
- бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар тұлғаларды динамикалық бақылауы;
- жекелеген санаттағы азаматтарға шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
- диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
- уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша рәсімдер мен манипуляциялар;
2) стационарды алмастыратын жағдайда көрсетілетін мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберіндегі ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);
3) стационарлық жағдайда жоспарлы түрде көрсетілетін мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберіндегі ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);
4) стационарлық жағдайда шұғыл түрде көрсетілетін мамандандырылған көмек, оның ішінде тәулік бойғы стационардың қабылдау бөлімінде диагноз қойылғанға дейін тәулік бойғы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагностикалық - емдік шараларды жүргізу (ТМККК шеңберіндегі ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);
5) уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту;
6) патологоанатомиялық диагностика;
7) қайтыс болған донорды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға дайындау, оларды алу, консервілеу, дайындау, сақтау, тасымалдау - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялау мақсатында;
дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету:
- денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек кезінде;
- амбулаториялық жағдайда белгілі бір аурулары бар азаматтардың белгілі бір санаттарына арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін алғашқы медициналық - санитарлық және бейінді медициналық көмек.
2. Кепілдендірілген көлемдегі медициналық көмек пакетіне қандай қызметтер кіреді?
Егер МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, сізге ТМККК базалық пакеті қолжетімді. Оған жедел жәрдем, учаскелік дәрігердің қабылдауы, шұғыл жағдайларда көмек көрсету, жарақаттар, күйіктер, улану, жедел жағдайлар кезінде көмек кіреді. Қажет болған жағдайда шұғыл операциялар жүргізіледі.
ТМККК пакетіне келесі қызметтер кіреді:
1) жедел медициналық көмек;
2) алғашқы медициналық - санитариялық көмек;
3) амбулаториялық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
- АИТВ - инфекциясы мен туберкулездің алдын алу және диагностикасы кезінде;
- жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде;
- әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;
- онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде;
- уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде;
4) стационарды алмастыратын жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
- әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;
- уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде;
5) стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
- қоршаған орта үшін қауіпті жұқпалы немесе паразитарлық аурумен ауырып жүрген науқаспен байланыста болған, сондай - ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қоршаған орта үшін қауіпті жұқпалы немесе паразитарлық ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде уәкілетті орган белгілейтін тізбе бойынша;
- уәкілетті орган белгілейтін тізбе бойынша қоршаған орта үшін қауіпті инфекциялық, паразитарлық ауруларды емдеу кезінде;
- МӘМС жүйесінің қызметтерін алмайтын тұлғаларға шұғыл түрде, оның ішінде тәулік бойғы стационардың қабылдау бөлімінде диагноз қойылғанға дейін тәулік бойғы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагностикалық - емдік шаралар жүргізу кезінде, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша;
- уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша жоспарлы түрде;
6) негізгі ауруды емдеу кезінде медициналық оңалту, сондай - ақ туберкулезбен ауыратын науқастарды медициналық оңалту;
7) уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек;
8) қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
9) патологоанатомиялық диагностика;
10) қайтыс болған донорды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға дайындау, оларды алу, консервілеу, дайындау, сақтау, тасымалдау - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантациялау мақсатында;
11) дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету:
- жедел көмек, сондай - ақ стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер кезінде - денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;
- профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес бастапқы медициналық - санитариялық көмек кезінде;
- амбулаториялық жағдайда көрсетілетін бастапқы медициналық - санитарлық және мамандандырылған көмек кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес.
3. 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді?
Мемлекет басшысының тапсырмасымен медициналық көмек пакеттері қызметтердің қайталануын болдырмау үшін қайта қаралды.
2026 жылдан бастап ТМККК пакетіне әлеуметтік мәні бар 11 ауру түрінің профилактикасы мен диагностикасы енеді. Бұған дейін АИТВ мен туберкулезге күдік болған жағдайда ғана қызмет көрсетілген еді.
Енді тізім қатерлі ісіктермен, созылмалы вирустық гепатиттермен және бауыр цирозымен, психикалық және мінез - құлықтық бұзылыстармен, орфандық аурулармен, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларымен, демиелинизациялайтын аурулармен, эпилепсиямен, жедел миокард инфарктісімен (алғашқы 6 ай), инсульттермен (1 жыл ішінде) толықты.
Сонымен қатар ТМККК - ға артериялық гипертония, ишемиялық жүрек ауруы, глаукома, қант диабеті, В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған скринингтер енгізілді.
Бұл шаралар пациенттерге дер кезінде диагностика жүргізуге мүмкіндік береді, ауруларды ерте анықтау ем нәтижелерінің жақсаруына оң әсер етеді.
Келесі жылдан бастап бірқатар созылмалы ауруды, оның ішінде артериялық гипертензияны, қант диабетін, церебралды сал аурын, ревматизмді, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануларын, бүйрек ауруларын емдеу және бақылау емхана мен стационарда МӘМС пакетіне ауыстырылады.
4. Жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және ресми түрде жұмыс істемейтіндер үшін қандай жарна мөлшері көзделген?
Жұмыс берушілер МӘМС жүйесіне екі түрлі төлем жасайды:
- аударымдар - ай сайын жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкер жалақысының 3% - ы мөлшерінде төленеді. Ай сайынғы аударымдардың ең жоғары сомасы айына ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 10 еселенген мөлшерінің 3% - ынан аспауы тиіс немесе 2025 жылы - 25 500 теңге;
- жарналар - жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ай сайын 2% ұстайды. Жарналардың ең жоғары сомасы - ЕТЖ - ның 10 еселенген мөлшерінің 2% - ы, 2025 жылы - 17 000 теңге. Егер қызметкер бірнеше жерде жұмыс істесе, барлық жұмыс орындарынан төленетін жарналардың жалпы сомасы айына 17 000 теңгеден аспауы тиіс.
Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар және шаруа қожалықтарының иелері МӘМС - ке 1,4 ЕТЖ - ның 5% - ы мөлшерінде жарна төлейді, бұл 2025 жылы 5 950 теңге.
Дербес төлеушілер санатына тұрақты жұмысы жоқ және жеңілдік санатына кірмейтін тұлғалар кіреді. Олар үшін МӘМС жарнасының мөлшері 1 ЕТЖ - ның 5% - ы, 2025 жылы - ай сайын 4 250 теңге.
Дербес төлеуші МӘМС үшін төлемді екі тәсілмен жүргізе алады:
- өткен жылы төленбеген кезеңдер үшін (берешегін) төлеп, кейін МӘМС - ке тұрақты төлем жасай алады;
- алдағы 12 айға алдын ала төлей алады, осылайша сақтандырылған мәртебесі келесі жылдың толық кезеңінде қолданылады. Бұл тәсілмен өткен жылдың берешегін төлеуге болмайды.
5. Қандай азаматтар жарна төлеуден босатылады және олардың жарнасын кім төлейді?
Әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 15 санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын мемлекет төлейді. Олар:
1. балалар;
2. ресми түрде тіркелген жұмыссыздар (2026 жылдан бастап олардың жарнасын әкімдіктер төлейді);
3. жұмыс істемейтін жүкті әйелдер (соңғы екі айда олар үшін зейнетақы және әлеуметтік аударымдар төленбеген кезде);
4. үш жасқа дейінгі баласының заңды өкілдерінің бірі - жұмыс істемейтін ата - ана;
5. жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оған (оларға) күтім жасау бойынша демалыста жүрген тұлғалар;
6. мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
7. бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
8. Қазақстанның БЖЗҚ - нан зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері;
9. сот үкімі бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда);
10. тергеу изоляторларында отырғандар, сондай - ақ қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін тұлғалар;
11. жұмыс істемейтін қандастар;
12. «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарын алған көп балалы аналар, бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, сондай - ақ «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен наградталғандар;
13. мүгедектігі бар адамдар;
14. орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар (күндізгі бөлім студенттері);
15. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыс істемейтін тұлғалар.
2026 жылдан бастап жұмыссыздар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдар төлейді. Сондай-ақ олар Д және Е санатындағы азаматтар үшін жарна төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.
6. МӘМС жүйесіндегі мәртебесі мен жарна бойынша берешегін қалай тексеруге болады?
МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңізді ЖСН енгізу арқылы тексеруге болатын Қордың жеке сервистері бар.
• msqory.kz ресми сайты - «Сақтандырылған мәртебесін тексеру» пәрмені арқылы;
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы - басты мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру» командасы арқылы;
• Telegram - дағы @SaqtandyrýBot - негізгі мәзірдегі «Сақтандырылған мәртебесін анықтау» командасы арқылы.
Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мәртебені тексеру және жарна төлеу сервистерін кеңейту жұмысын тұрақты жүргізеді, екінші деңгейлі банктермен және медициналық ақпараттық жүйе жеткізушілерімен келісімдер жасайды. Бүгінде бұл мүмкіндік келесі мобильді қосымшаларда қолжетімді:
• Damumed
• Halyk (Халық банк)
• BCC.KZ (Банк ЦентрКредит)
• Kaspi.kz (Kaspi Bank)
• ForteApp (Forte Bank)
• Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
• Bereke bank (Bereke Банк)
• Smartbank (Еуразиялық банк)
• Home.kz (Home Credit Bank)
7. Егер адам сақтандырылмаған болса, бірақ оған шұғыл медициналық көмек қажет болса не істеу керек?
Шұғыл медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Ол үшін сақтандырылған мәртебеcі қажет емес.
Бұл қызметтерге жедел жәрдем шақыру, жарақаттар, соққылар, күйіктер, жедел жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету кіреді. Қажет болған жағдайда шұғыл операция да жасалуы мүмкін.
Ал МӘМС - жоспарлы түрде көрсетілетін медициналық қызметтер.
8. Жеңілдік санатындағы азаматтың мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек?
Бұл азаматтың қай жеңілдік санатына жататынына байланысты. Мысалы, мектеп оқушылары мен студенттер бойынша деректер білім беру саласының арнайы ақпараттық жүйелерінен келіп түседі. Жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар жөніндегі мәліметтер - Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің базаларынан алынады. Тиісті құрылымдар мен мемлекеттік органдар деректерді өзектендіру жұмыстарын жүргізеді.
Егер азамат жеңілдік санатына кірсе, бірақ оның МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болмаса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.
Сондай - ақ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жүйесінде уақытша сақтандырылған мәртебеcін алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш беруге болады. Ол үшін жеңілдік санатына кіретіндігін растайтын құжат (ЖОО - дан анықтама, мүгедектік туралы куәлік) және жеке басын куәландыратын құжаттар қажет.
9. Дәрігерлердің жоқтығына немесе кезектің толық болуына байланысты медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда не істеу керек?
Егер қызмет көрсететін емханада қажетті бейінді дәрігердің кеңесін ала алмаса, қандай да бір диагностикалық қызметті өткізуге арналған жабдық болмаса, сондай - ақ мамандар мен жабдық болса да жазылу мүмкін болмаған жағдайда, пациент басқа клиникаға, оның ішінде жеке клиникаға да жолдама сұрауға құқылы. Ең бастысы бұл клиника Қордың жеткізушілер базасында болуы тиіс.
Бұл ретте пациенттің тіркелген емханасы мен аталған клиника арасында қосалқы орындау шартының бар - жоғы маңызды емес, өйткені жолдама жасалған кезде ол ақпараттық жүйеде автоматты түрде жасалады.
Жалпы, пациенттің медициналық көрсеткіштері бола тұра жолдама беруден немесе медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, ол Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгінуге құқылы. Мұндай қызметтер әрбір медициналық ұйымда құрылған және мәселелерді «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша шешеді.
10. Егер жыл бойы медициналық көмекке жүгінбесе, жарналар қайда кетеді?
МӘМС жүйесі ынтымақтастық қағидатына негізделген және жеке жинақтаушы шоттарды көздемейді. Барлық жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы бірыңғай шотқа түседі. Сол жерден олар ай сайын медициналық ұйымдарда көрсетілген МӘМС қызметтері үшін төленеді. Яғни жалпы алғанда МӘМС аясында емделген пациенттер үшін төленеді.
Бұл әр адамға көрсетілетін медициналық көмектің көлемін шектемеу үшін көзделген, себебі кейбір медициналық қызметтердің құны бірнеше жүз мың, тіпті миллиондаған теңгеге дейін жетеді. Мұндай қызметті пациенттің өз жарналары есебінен жабу мүмкін емес, себебі жылдық жарналардың ең жоғары мөлшері 204 000 теңгені құрайды.
Жыл соңында бірыңғай шотта қалған МӘМС қаражаты келесі күнтізбелік жылға өтеді және жылдың басында медициналық ұйымдарға аванс ретінде бағытталады.
Д. Е САНАТЫНДАҒЫ ӘЛ - АУҚАТЫНЫҢ ДАҒДАРЫС ДЕҢГЕЙІ БАР АДАМДАР МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ
Д. Е санатындағы әл - ауқатының дағдарыс деңгейі бар адамдар МӘМС шеңберінде медициналық көмекке қол жеткізе алады.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі бірқатар негізгі жаңалықтарды көздейтін заң қабылданды.
Қабылданған заң шеңберінде 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл - ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар 1 миллионға жуық адамды қосымша қамтитын болады.
Бұл табысы төмен ҚР азаматтарының тағы 5% - ы МӘМС есебінен жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізе алатынын білдіреді.
Халықтың осы санаттары үшін жарналар осы азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады.
Бұдан басқа, ЖАО - ның жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тікелей жауапкершілігін ескере отырып, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған шығыстар да жергілікті бюджеттерге жүктелетін болады.
Бүгінгі таңда 16,9 млн адам (82,6%) сақтандырылған, оның ішінде 11,9 млн адам (59,5%) халықтың жеңілдетілген санаттарына жатады, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
МӘМС жүйесінен тыс 3,4 млн - ға жуық адам қалады, оның ішінде 2,4 млн - ы жағдайы жақсы және қанағаттанарлық өмір сүру деңгейі бар азаматтар, ал 1 млн - ға жуығы - әлеуметтік әл - ауқаттың дағдарыстық (Д) және шұғыл (Е) деңгейлеріне жататын азаматтар.
2,4 млн адам еңбекке қабілетті жастағы азаматтар тобындағы адамдар үшін сақтандыру жүйесіне кіру жеңіл әрі ауыртпалықсыз болып қалады:
Айына 4250 теңге
Жылына 51 000 теңге
2027 жылдан бастап Қазақстан барлық тараптардың - мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігінің барынша жоғары дәрежесімен толыққанды сақтандыру моделіне көшуді жоспарлап отыр.
Бұл шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бекітілген ортақ жауапкершілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық көмекке әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Енді ең әлеуметтік осал азаматтар медициналық көмекті кедергісіз ала алады».
#осмстуркестан
#түркістаноблыстықбалаларауруханасы
#МӘМСТҮРКІСТАН
Өзін - өзі жұмыспен қамтыған адам сақтандыру мәртебесін қалай алады? Ресми түрде жұмыс істемейтін, бірақ табыс табатын адамдар МӘМС жарналарын да, басқа да міндетті төлемдерді төлемейді. Алайда кей жағдайларда сақтандырудың болуы шешуші рөл атқарады. Жоспарлы медициналық көмек қажет кезде азаматтың мәртебесі сақтандырылмаған болса, медициналық қызметтерді ақылы түрде алуға тура келеді. Бір ғана диагноз қою үшін ондаған, тіпті жүздеген мың теңге қажет болуы мүмкін (мысалы, бір дәрігердің кеңесі - 10 000 теңге, талдаулар - бір көрсеткішке 2 500 теңгеден басталады, КТ - 15 000 теңгеден, МРТ - 25 000 теңгеден). Ал сақтандырылған мәртебесі болған жағдайда бұл қызметтерді жоспарлы түрде МӘМС есебінен алуға болады. МӘМС жүйесіндегі сақтандырудың бір жылдық құны бар болғаны 51 000 теңге немесе айына 4 250 теңге, ал көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне шектеу қойылмайды.
Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз - алдын ала қамқорлық жасаңыз! Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз: - Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot); - ӘМСҚ сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/); - Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы; - eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы; - сондай - ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.
Кентау қалалық емханасында МӘМС - 2026 өзгерістері жөнінде ақпараттық түсіндіру жүргізілді
Кентау қалалық емханасында тұрғындарға 2026 жылдан бастап енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі жаңашылдықтар бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Емханаға келген пациенттерге МӘМС - 2026 ерекшеліктері, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған өзгерістер туралы арнайы дайындалған брошюралар таратылды.
Ақпараттық материалдарда сақтандыру пакетіне енгізілетін жаңалықтар, көрсетілетін қызмет түрлері және пациенттердің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінікті түрде берілген.
Емхана қызметкерлері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы өзгерістердің маңызын атап өтті.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Мен жүкті әйелмін және ресми жұмыс істеймін. Жарна төлеуім керек пе?
Егер сіз ресми түрде жұмыс істесеңіз, МӘМС жарналарын өзіңіз төлемейсіз.
Жалақыңыздан ай сайын 2% ұсталады
Жұмыс беруші қосымша 3% төлейді
Бұл міндеттемелер жүктілік демалысына шыққанға дейін толықтай жұмыс берушінің жауапкершілігінде болады.
Сондықтан уайымдамаңыз - қосымша төлем жасау қажет емес
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімі күшіне енеді. Бұл тізімге келесі аурулар кіреді:
• туберкулез;
• адамның иммун тапшылығы вирусы;
• созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы;
• қатерлі ісіктер;
• психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары;
• жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
• жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
• орталық жүйке жүйесінің аурулары;
• сирек кездесетін, яғни орфандық аурулар;
• эпилепсия;
• цереброваскулярлық аурулар (1 жыл көлемінде).
Бұл тізімге енген аурулары бар пациенттер дәрігерлік бақылауды, дәрілік препараттарды, зертханалық талдауларды тегін, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында алады.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
МӘМС - сенің сенімді қорғаның.
Бір жарна - шексіз ем алу мүмкіндігі.
@msqory_astana @msqory_kz
#СПП #СлужбаПоддержкиПациентов #ГОБМП #ОСМС #МедицинскаяПомощь #АстанаМедицина #КМИС #ЗаписьКВрачу #Здоровье #Поликлиника #msqory #ФСМС #ОСМС #msqoryastana
МӘМС аясында жоспарлы түрде ауруханаға жату үшін не істеу керек?
Жоспарлы госпитализация - бұл шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы немесе басқа да ауруларды емдеу үшін пациенттің ауруханаға алдын ала жоспар бойынша жатқызылуы. Ол «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Толығырақ карусельде
Қазір Қазақстанда 3,6 миллионға жуық адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионы - әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі тұрғындар. Яғни олардың МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМС аясында қажетті медициналық көмек ала алады.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарна төленетін болады. Бұған дейін бұл төлемдер республикалық бюджеттен түсіп келді.
Сақтандырылған азаматтар үшін диагностика, дәрігерлердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері МӘМС аясында тегін көрсетілетінін есте сақтаңыздар. Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелу қажет.
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жеке клиникаларда МӘМС бойынша медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін түсіндірді. Бұл мүмкіндік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әзірлеу кезінде бастапқыдан қарастырылған және бүгінгі күнге дейін қолданыста, - дейді Қордың баспасөз қызметі.
Ол қалай жұмыс істейді?
Қызмет көрсететін емхана өз пациентіне МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін кез келген клиникаға жолдама бере алады. Бұл жағдайда пациент медициналық қызмет үшін ақы төлемейді. Себебі көрсетілген қызметті қаржыландыру Қор тарапынан қосалқы орындау шарты аясында жүргізіледі.
Қай кезде қолданылуы мүмкін?
Егер қызмет көрсететін емханада белгілі бір консультацияны алуға қажетті профильді дәрігер болмаса немесе белгілі бір диагностикалық қызметті өткізуге арналған жабдық жетіспесе пациентті басқа клиникаға жібереді. Мысалы, бірқатар алғашқы медициналық - санитарлық көмек ұйымдарында тіркелген халық саны аз болғандықтан, кейбір тар бейінді дәрігерлер (мысалы, пульмонолог, аллерголог, ангиохирург) болмауы мүмкін немесе УДЗ, рентген аппараттары жоқ. Осындай қызметтер пациенттерге қажет болған жағдайда, оларды емхана қосалқы орындау туралы келісімшарт жасасқан клиникаға жібереді.
Сонымен қатар, емханада қажетті мамандар мен жабдық болғанымен, жазылу бір айға толып қалған жағдайлар да кездеседі. Сондай - ақ қажет маман еңбек демалысында болса немесе жабдық уақытша істен шықса осы механизм қолданылады. Мұндай жағдайда пациент қажетті медициналық қызметті алу үшін басқа клиникаға, оның ішінде жеке клиникаға жолдама сұрауға құқылы.
Маңызды! Жолдама тек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер базасында тіркелген жеке клиникаларға ғана беріледі.
Бұл ретте пациенттің емханасы мен аталған клиника арасында қосалқы орындау шартының бар - жоғы маңызды емес. Себебі жолдама жасалған кезде ол ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.
Жеке клиникада пациенттер тек консультация алып немесе диагностикалық процедуралардан өтіп қана қоймай, күндізгі немесе тәуліктік стационар жағдайында, оның ішінде МӘМС шеңберіне кіретін әртүрлі операцияларды жасау үшін де ем қабылдай алады.
Құқықтарды қорғау
Егер пациент қажетті медициналық қызметке жолдама ала алмаса, ол емхана жанындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Оң шешім болмаған жағдайда, бұл факті бойынша тексеру жүргізу үшін Қорға ресми өтініш жолдауға болады.
Қор атап өткендей, кез келген консультациялық - диагностикалық қызметті пациентке емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол пациенттің жағдайын зерттеп, шағымдары мен байқалатын белгілерін бағалайды. Тек тиісті көрсетілімдер болған кезде ғана зертханалық және аспаптық зерттеулерге немесе профильді маманның консультациясына жолдама береді.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС бойынша қызмет алу үшін сақтандырылған болу қажет.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Жалған ақпарат: МӘМС аясында балаларға тіс импланттарын орнататын пилоттық жоба жүргізіліп жатқан жоқ
«Балаларға импланттар мен брекеттерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен орнататын пилоттық жоба» басталғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. МӘМС жүйесінде тек балаларға жедел және жоспарлы түрде бірқатар стоматологиялық қызметтер, соның ішінде ортодонтиялық көмек қана қарастырылған.
Ақпараттық кеңістікте Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба іске қосылғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазіргі уақытта мұндай жобаның іске қосылмағанын ресми түрде хабарлайды.
«Естеріңізге сала кетейік, МӘМС бойынша тегін тіс емдеу көмегіне халықтың белгілі санаттары қол жеткізе алады. Атап айтқанда, балалар жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтерге жүгіне алады. Оларға күрделі тісжегіні, пульпитті және периодонтитті емдеу, тіс түбірін пломбалау, тіс жұлу, абсцессті ашу, пластикалық операциялар, пародонт қалталарын санациялау, сондай - ақ алдын алу шаралары - фиссураларды герметизациялау, реминерализация, миотерапия және басқа да қызметтер кіреді. МӘМС жүйесі бойынша сондай - ақ ортодонтиялық көмекті де алуға болады. Ортодонтиялық көмек жақ - бет аумағының туа біткен патологиясы бар балаларға, тіс - жақ аномалиялары бар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі», - деп мәлімдеді Қордың баспасөз қызметі.
Аталған қызмет тізіміне ортодонт кеңесі, туа біткен жақ - бет патологиясы бар балалар үшін ортодонтиялық пластинканы қолдана отырып тіс - жақ аномалияларын түзету, ортодонтиялық коррекция, кешенді бастапқы тексеру, тіс қалыбын алу, сүт және тұрақты тістерді тегістеу, сондай - ақ ортопантомография кіреді.
Туа бітті және жүре пайда болған жақ - бет аймағының деформациялары бар балаларға медициналық көмек стоматолог дәрігердің көрсетілімдері бойынша амбулаториялық жағдайда немесе стоматологиялық және жақ - бет хирургиясы қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдарда бет - жақ хирург - дәрігері тарапынан көрсетіледі. Барлық аталған қызметтер МӘМС аясында ұсынылады.
Еске саламыз:
Жоспарлы стоматологиялық көмекті балалар мен жүкті әйелдер ала алады.
Жедел стоматологиялық көмек төмендегі санаттарға көрсетіледі:
• балалар;
• жүкті әйелдер;
• зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлеріне;
• 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға;
• атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
• жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерге;
• мүгедектігі бар баланы немесе І топ мүгедегін күтетін жұмыс істемейтін тұлғаларға;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға.
Бұл ретте жағдайдың жедел санатына жатқызылуы, оның ішінде қатты ауырсынудың бар - жоғы - пациенттің жағдайына жүргізілген клиникалық бағалау негізінде стоматолог дәрігердің қабылдайтын шешіміне байланысты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Пациенттердің құқықтарын қорғау және МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары
Кентау қалалық емханасына қарасты Хантағы дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Балзия Саулебекқызы пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау, олардың құқықтарын қорғау және МӘМС жүйесі бойынша дұрыс ақпарат беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық бейнероликке қатысты.
Емханада тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлімнің негізгі міндеттері:
• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
• тұрғындарға құқықтық және ақпараттық қолдау көрсету;
• емханаға жүгінген әрбір азаматтың өтінішін мұқият қарау және шешімін табу.
Кентау қалалық емханасы пациенттердің құқықтарын қорғауды, медициналық қызмет сапасын арттыруды және тұрғындарға ашық ақпарат беруді басты назарда ұстайды.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Пациентті қолдау және МӘМС жүйесінде тұрғындарға қызмет көрсету
Кентау қалалық емханасында пациенттердің құқықтарын қорғау, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау және МӘМС жүйесі бойынша дұрыс ақпарат беру мақсатында Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді.
Қызметтің негізгі міндеттері:
• Пациенттердің өтініштері мен шағымдарын қабылдау;
• МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) пакеті бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
• Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын бақылау;
• Тұрғындарға құқықтық және ақпараттық қолдау көрсету.
Емханаға жүгінген әрбір азаматтың өтініші мұқият қаралып, шешімін табу - бөлімнің басты басымдығы. Пациентті қолдау қызметі медициналық көмекті ашық, қолжетімді және сапалы ұйымдастыруға бағытталған.
Кентау қалалық емханасы тұрғындардың денсаулығын қорғау жолында пациенттердің құқығын құрметтеуді және ашықтықты басты назарда ұстайды.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Көз операциялары: МӘМС аясында не істеуге болады?
Егер көру қабілетіңіз нашарласа, алдымен емханадағы учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Ол жағдайыңызды бағалап, көрсеткіштер болса, офтальмолог дәрігерге жолдама береді. Бастапқы тексерулер жүргізіледі. Офтальмолог тексеру нәтижелері бойынша операция немесе басқа емдеу тәсілінің қажеттілігін анықтайды.
Емдеу форматы:
- Амбулаторлық ем;
- Күндізгі стационар - операциялар, соның ішінде көздің мөлдір қабығын ауыстыру;
- Түнгі стационар - глаукома және басқа аурулар кезінде лазердің көмегімен жасау.
МӘМС жүйесі көз жарақаттары, глаукома, катаракта, медицина көрсеткіштері бойынша көздегі ісіктерді алу, МӘМС тізіміне кіретін өзге де қызметтерді өтеп береді.
Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?
Медицина қызметкерін емханаға баруға мүмкіндік болмаған кезде үйге шақыруға болады.
Медбике немесе фельдшер:
- Дене қызуы 38°С - қа дейін көтерілсе;
- Қан қысымы жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы қалыпты болса;
- Есінен танбаған немесе қан кетпеген, жағдайы күрт нашарламаған жарақаттар мен аурулар кезінде пациенттің үйіне барады.
Ал учаскелік дәрігер:
- Егер тіркеу бөлімі немесе медбике пациенттің жағдайын дәрігердің тексеруі қажет деп бағаласа;
- Вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған сәтте үйге келеді.
Бұдан бөлек, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер, 65 жастан асып, өздігінен емханаға келе алмайтын адамдар жағдайы нашарлаған кезде үйде қаралады.
№4 Ататүрік атындағы мектепте оқушыларға арналған алдын алу семинары өтті
Кентау қалалық емханасының мамандары №4 Ататүрік атындағы жалпы орта мектептің 10 - 11 сынып оқушыларына ерте жүктіліктің алдын алу, нашақорлықтың зияны, сондай - ақ зорлық - зомбылықтың алдын алу тақырыптарында кең көлемді семинар өткізді.
Шара барысында мамандар жасөспірімдерге денсаулықтың маңыздылығы, зиянды әдеттердің салдары, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениеті және жеке жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар оқушыларға:
- ерте жүктіліктің денсаулыққа әсері;
- нашақорлықтың психологиялық және медициналық зияны;
- зорлық - зомбылықтың түрлері мен оны болдырмау жолдары;
- өз құқығын қорғау және көмек сұрау арналары туралы жан - жақты ақпарат берілді.
Семинарға МӘМС аясында қызмет көрсететін профилактикалық бағыттағы мамандар қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы.
Кентау қалалық емханасында пациент құқықтарын қорғау - басты назарда
Бүгін Кентау қалалық емханасының сарапшы дәрігері пациенттердің құқықтарын қорғау тақырыбында арнайы түсіндірме видео жариялады. Бейнематериалда әр азаматтың МӘМС аясында алатын медициналық көмек түрлері мен құқықтары толық әрі анық түсіндірілді.
Видео барысында сарапшы дәрігер атап өткендей, әр пациент:
- анализдер мен диагностикалық тексерулерге жолдама алуға;
- өзіне қажетті емдеу әдісін таңдауға;
- жеке деректерінің, медициналық құпияның сақталуына;
- сапасыз көрсетілген қызмет бойынша шағым беруге толық құқылы.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Кентау қалалық емханасында Дүниежүзілік ЖИТС күніне орай ашық есік күні өтті
Кентау қалалық емханасында Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылып, жоспарға сай өткізілді.
Іс - шараға АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға кеңес берді. Мамандар халық арасында АИТВ/ЖИТС туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдын алу шаралары бойынша ақпараттық материалдар ұсынды.
Шара барысында келушілерден қан анализдері алынып, АИТВ - ға тестілеу жүргізілді. Тексеру МӘМС жүйесі аясында өткізіліп, тұрғындарға тегін және қолжетімді қызмет көрсетілді.
Ашық есік күнінің мақсаты - халықтың АИТВ туралы білімін арттыру, ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру және жұқтырудың алдын алу мәдениетін қалыптастыру.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?
Медицина қызметкерін емханаға баруға мүмкіндік болмаған кезде үйге шақыруға болады.
Медбике немесе фельдшер:
- Дене қызуы 38°С - қа дейін көтерілсе;
- Қан қысымы жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы қалыпты болса;
- Есінен танбаған немесе қан кетпеген, жағдайы күрт нашарламаған жарақаттар мен аурулар кезінде пациенттің үйіне барады.
Ал учаскелік дәрігер:
- Егер тіркеу бөлімі немесе медбике пациенттің жағдайын дәрігердің тексеруі қажет деп бағаласа;
- Вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған сәтте үйге келеді.
Бұдан бөлек, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер, 65 жастан асып, өздігінен емханаға келе алмайтын адамдар жағдайы нашарлаған кезде үйде қаралады.
2026 жылдан бастап МӘМС жарнасы жұмыссыздар үшін де төленеді. Яғни жұмыс істемесеңіз де, ауруханаға тегін қарала аласыз.
Қазір қазақстандықтардың шамамен 60% - ы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіреді. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Ал 3,5 миллионға жуық адам, бұл шамамен халықтың 18 пайызға жуығы, МӘМС жүйесінде жоқ. Олардың шамамен 1 миллионының әлеуметтік жағдайы дағдарыстық және шұғыл деңгей деп танылған. Енді олар да тегін медициналық көмекке жүгіне алады.
Пациент құқығы:
2026 жылы МӘМС кімдер үшін қолжетімді болады
Желтоқсанда Ақмола облысы мен Астана қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал D және E санатындағы азаматтарды әкімдіктердің жарналары есебінен қамту бойынша пилоттық жоба өткізу жоспарланып отыр. МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бұл механизм жаңа жылдан бастап ел бойынша іске қосылмақ.
Белгілі болғандай, қазақстандықтардың шамамен 60% - ы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіреді, яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді (мысалы, зейнеткерлер, балалар, студенттер, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар жандар, ресми тіркелген жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және басқалар).
Қазір Қазақстанда 3,5 миллионға жуық адам (халықтың 17,9% - ы) МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионын әлеуметтік әл - ауқаты дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейде деп танылғандар құрайды.
2025 жылдың 14 шілдесінде қабылданған заң аясында Президент жергілікті атқарушы органдарға тұрғындарды медициналық сақтандырумен қамту жұмысын күшейтуді және медициналық көмекке жүгінген, жұмыс істемейтін, табысы төмен азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді тапсырды.
«Әкімдіктер жарнаны D және E санатындағы барлық адамдар үшін емес, нақты МӘМС аясында медициналық қызмет алған азаматтар үшін төлейді. Механизмді мысалмен түсіндірейін. Цифрлық отбасылық карта деректері бойынша, Астанада бұл санаттарға 26 065 адам кіреді. 2026 жылдың басынан бастап оларға МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу құқығы беріледі. Ал егер қаңтар айында олардың 5 245 - іне медициналық көмек көрсетілсе, онда келесі айдан - яғни ақпаннан бастап және жыл соңына дейін Астана қаласының бюджеті осы 5 245 адам үшін жарналарды аударады. Дәл осындай тәртіппен наурыз айында ақпанда МӘМС бойынша медициналық көмекке жүгінген D және E санатындағы тұлғалар үшін төлем жасалады», - деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.
Аталған механизмнің техникалық іске асырылуына арналған пилоттық жоба биылғы жылдың желтоқсанында Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктерімен бірге жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қорда ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарының төлену тәртібі өзгеретіні атап өтілді: қазір бұл жарналарды республикалық бюджет төлейді, ал 2026 жылдың басынан бастап оларды жергілікті атқарушы органдар төлеуге міндетті. Тек субсидияланатын жұмысқа орналасқан немесе жұмыс берушіде оқып жүрген адамдар бұдан тыс қалады.
«Бұл шешім өңірлерге жұмыс орындарын көбірек ашуға, азаматтарға жұмыс табуға көмек көрсетуге, кедейлікті азайтуға және жұмыссыздарды неғұрлым дәл есепке алуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ қиын жағдайға тап болған отбасылардың тұрмысын жақсартуға сеп болады. Нәтижесінде осал топтар медициналық көмекке қолжетімділігін сақтайды, ал 2026 жылы МӘМС жүйесіне шамамен 45,3 млрд теңге түседі, оның 30,4 млрд теңгесі - әлеуметтік осал азаматтар, 15 млрд теңгесі - жұмыссыздар үшін аударылатын жарналар. Бұл өз кезегінде сапалы медициналық қызметті пайдаланатын адамдар санын арттырады», - деп атап өтті Сәуле Тәжібаева.
Жарна мөлшері өңірдегі орташа жалақыға сүйене отырып, басқа жеңілдік санаттары үшін қолданылатын ережелерге сәйкес есептеледі.
«Тек талдаулар ғана емес: неге деніміз сау болса да, емханаға бару қажет?»
Құрметті қала тұрғындары!
Көпшілігіміз емханаға тек ауырғанда немесе талдау тапсыру қажет болғанда ғана барамыз. Алайда денсаулықты қорғаудың ең тиімді жолы - аурудың алдын алу және ерте анықтау. Дені сау болса да, емханаға жоспарлы түрде барудың маңызы өте жоғары.
⸻
Неге дәрігерге уақтылы қаралу қажет?
1. Ауруларды ерте анықтау
Көптеген қауіпті аурулар алғашқы кезеңдерінде еш белгі бермейді. Жыл сайынғы профилактикалық тексерулер жүрек, қант диабеті, онкологиялық аурулар және басқа да сырқаттарды бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
2. МӘМС аясында профилактикалық қызметтер қолжетімді
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде:
• жыл сайынғы тексерулер
• онкологиялық скринингтер
• зертханалық талдаулар
• диагностикалық қызметтер
• тар бейінді мамандардың қабылдауы тегін ұсынылады.
2026 жылдан бастап МӘМС қолжетімділігі кеңейтіліп, әлеуметтік осал топтарға (D, E санаттары) қосымша қолдау көрсетілетінін ескертеміз.
3. Созылмалы аурулардың алдын алу
Дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, салмақтың өзгеруі - созылмалы аурулардың негізгі себептері. Дәрігерге уақтылы қаралу арқылы қауіпті факторлардың алдын алуға болады.
4. Вакцинацияны уақытында алу
Ересектер мен балаларға арналған вакцинация кестесі - жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді жолы.
5. Әйелдер мен ерлер денсаулығына арналған скринингтер
Сүт безі, жатыр мойны, қуықасты безі, өкпе және басқа да маңызды скринингтер - дені сау адамдарға да арналған.
6. Балалар денсаулығын тұрақты қадағалау
Баланың қалыпты дамуы мен иммунитеті педиатр және психологтың жоспарлы тексерулері арқылы бақыланады.
⸻
Қорытынды
Денсаулық - ең қымбат байлық. Емханаға уақытында бару - өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың ең сенімді жолы.
МӘМС жүйесі арқылы профилактикалық көмектерді тегін алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
⸻
Кентау қалалық емханасы
Баспасөз хатшысы
Пациент құқықтары бойынша түсіндіру мақаласы
⸻
2026 жылы «D» және «E» санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС қолжетімділігі кеңейеді
Қазақстанда 2026 жылдан бастап МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде әлеуметтік әл - ауқаты төмен топтарға - атап айтқанда, D (дағдарыстық) және E (шұғыл) санаттарына кіретін азаматтарға - жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұл өзгерістер медициналық көмекке әділ қол жетімділікті арттыруға бағытталған.
Негізгі мәселелер мен өзгерістер
1. D және E санаттарына қосымша қамту
• 2026 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен шамамен 1 миллионға жуық D және E санатындағы азамат үшін МӘМС жарналары төленеді.
• Бұл - әлеуметтік осал топтарды медициналық сақтандыру жүйесіне кірістірудің маңызды шарасы.
• Әкімдіктер тек МӘМС аясында медициналық қызметті пайдаланған адамдар үшін жарналарды төлейді.
2. Медициналық қызметтерге қол жетімділікті кеңейту
• 2026 жылдан бастап «бірыңғай медициналық көмек пакеті» енгізіледі, ол барлық азаматтар үшін белгілі бір өмірлік маңызды медициналық қызметтерді қамтиды - сақтандырылған мәртебесіне қарамастан.
• Онкологиялық скринингтер МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған адамдарға да қолжетімді болады.
• Қоғамдық мәні бар әлеуметтік аурулар (мысалы, созылмалы аурулар) бойынша диагностикалық және консультациялық көмек базалық МӘМС пакетіне енгізіледі.
3. Сақтандырылмаған мәртебені сақтап қалу
• Егер азамат бес жыл бойы МӘМС жарнасын тұрақты төлеген болса, жарна төлемеген кезеңдерде де 6 айға дейін сақтандырылған мәртебесін сақтап қала алады.
• Бұл норма әсіресе жұмыссыз қалған немесе табысы уақытша төмендеген азаматтар үшін маңызды.
4. Қаржыландыру және шекті мөлшерлемелер
• 2026 жылдан бастап МӘМС жарналарын есептеу үшін табыс базасының жоғарғы шегі өзгертіледі: жұмыс берушілер үшін - 40 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), жұмысшылар үшін - 20 ЕТЖ.
• Бұл өзгерістер жүйенің қаржылық тұрақтылығын күшейтіп, әлеуметтік топтардың әділетті қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
⸻
Пациент құқықтары тұрғысынан маңызы
• Әлеуметтік теңдік: Бұл шаралар МӘМС жүйесін әлеуметтік осал топтар үшін әділеттірек етеді. D және E санатындағы азаматтар енді өз жағдайынан тәуелсіз түрде сақтандыру мәртебесін алуға мүмкіндік алады.
• Қолжетімділіктің артуы: Медициналық қызметтің кеңейтілген базалық пакеті арқылы маңызды диагноздар мен емдеу мүмкіндіктері барлық азаматқа қолжетімді болады.
• Үздіксіз қорғау: Сақтандырылмаған мәртебені сақтау механизмі қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға үздіксіз медициналық қорғауды қамтамасыз етеді.
• Жергілікті жауапкершілік: Жарналарды жергілікті бюджеттен төлеу - әкімдіктердің әлеуметтік саясаттағы жауапкершілігін арттырады.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Мен жақында ресми жұмысқа орналастым. Енді маған сақтандыру мәртебесі қашан беріледі?
«Сақтандырылған» мәртебесі қатарынан 12 ай (өткен немесе алдағы) үшін тұрақты төлем жасалған жағдайда беріледі. Егер сіз бұған дейін ресми жұмыс істемесеңіз, жұмыссыз ретінде жеңілдік санатына кірмесеңіз және төлемді жеке төлеуші ретінде жасамаған болсаңыз, онда жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру мәртебесі беріледі.
Егер осы кезеңге дейін МӘМС аясында тегін медициналық көмек қажет болса, онда өткен 12 ай үшін төлем жасап, сақтандыру мәртебесін ертерек алуға болады.
#мәмс
Анализдер мен диагностикаға жолдаманы қалай алады?
Кез келген кеңес беру және диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол пациенттің жағдайын, шағымдарын және белгілерін қарайды. Егер тиісті көрсеткіштер болса, дәрігер зертханалық және өзге де зерттеулерге жолдама береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет алу үшін пациенттің «сақтандырылған» мәртебесі болуы шарт.
Айта кетейік, медициналық қызметкерлер профилактика, диагностика, емдеу және оңалтудың ең тиімді әдістерін таңдау кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.
Анализдер мен диагностикаға жолдаманы қалай алады?
Кез келген кеңес беру және диагностикалық қызметті емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол пациенттің жағдайын, шағымдарын және белгілерін қарайды. Егер тиісті көрсеткіштер болса, дәрігер зертханалық және өзге де зерттеулерге жолдама береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет алу үшін пациенттің «сақтандырылған» мәртебесі болуы шарт.
Медициналық қызметкерлер профилактика, диагностика, емдеу және оңалтудың ең тиімді әдістерін таңдау кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады. Талдаулар мен диагностикалық зерттеулерге жолдаманы тіркелген жеріңіздегі дәрігерден алуға болады. Әдетте бұл - терапевт, ол көрсеткіштер бойынша немесе профилактикалық тексеру аясында зерттеу тағайындайды.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР ҮШІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІГІ САҚТАЛАДЫ
Балалардың церебральды сал ауруы және басқа да әлеуметтік мәні бар аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің кепілдіктерін сақтау туралы.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңартылған медициналық көмек пакетінде тегін медициналық көмек пен дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық кепілдіктері сақталатынын хабарлайды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Медициналық кепілдіктердің бірыңғай пакетіне көшеді. Созылмалы аурулары бар барлық пациенттер емдеуді және дәрі - дәрмектерді бұрынғы көлемде қабылдауды жалғастырады - өзгерістер денсаулық сақтау жүйесін әділ, тұрақты және барлығына қолжетімді етуге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 14 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықты медициналық көмекпен барынша қамтуға бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерге азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын (D және Е санаттары) сақтандыруға мүмкіндік беретін қаржылық тетіктерді көздейтін нормалар алғаш рет енгізілуде. Бұл қосымша 1 млн - нан астам азаматтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет, бұрынғыдай, азаматтардың барлық жеңілдетілген санаттарына, соның ішінде балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, студенттерге, мүгедектігі бар адамдарға және жұмыссыздарға қатысты өз кепілдіктерін сақтайды - бұл жалпы алғанда 11 миллионнан астам қазақстандық, оның ішінде БЦС бар барлық пациенттерге қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ РЕСМИ ТҮСІНДІРМЕ БЕРДІ
Әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі - дәрмектерден шет қалады деген ақпарат жалған. Министрлік: мұндай пациенттер толық көлемде тегін медициналық көмек алуды жалғастырады.
ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде:
• туберкулез,
• АИТВ,
• вирустық гепатиттер,
• қатерлі ісіктер,
• психикалық бұзылыстар,
• орфандық аурулар,
• миокард инфарктісінен кейінгі 6 ай,
• эпилепсия,
• инсульттан кейінгі бір жылдық оңалту тегін дәрілік және медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Эпилепсияны әлеуметтік мәні бар аурулар қатарына қосу пациенттерге тұрақты әрі ақысыз ем қабылдауға мүмкіндік береді. Қазақстанда эпилепсиямен 94 мыңға жуық адам, оның ішінде 31 мың бала тіркелген.
Инсульттан кейін бір жыл бойғы тегін бақылау мен оңалту - қалпына келу және мүгедектіктің алдын алуда шешуші кезең.
2026 жылдан бастап МӘМС шеңберінде қаржыландыруға ауысатын аурулар:
• қант диабеті,
• церебральды сал ауруы,
• дәнекер тінінің жүйелік зақымдануы,
• ревматизм.
Бұл жағдайда көмек көлемі қысқармайды, тек қаржыландыру механизмі өзгереді.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар барлық аурулардың бастапқы диагностикасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК аясында тегін жүргізіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медицина саласын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру бағытында Түркістан облысында бірқатар оң өзгерістер жүзеге асуда. Бұл жөнінде өңірлік коммуникацияда өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Бағлан Базарбекұлы хабарлады. Толығырақ "Түркістан" телеарнасынан көруге болады.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Цифрландыру Түркістан облысы тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қалай жақсартты?
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
МӘМС жүйесінің енгізілуі Түркістан облысындағы медициналық көмекті қалай өзгертті?
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
МӘМС төлемдерін жүргізбегендерге кіріс комитеті хабарлама жолдады
Түркістан облысында МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту мәселелері бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуалиев төрағалық етті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Тілектес өңірдегі тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту және медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдар туралы баяндады.
Жыл басынан бері облыста сақтандырылмағандар саны 27 мың адамға артқан. Негізгі себептер - жұмыс берушілердің жарналарды уақытылы төлемеуі, маусымдық және жеке кәсіпкерлердің жүйеден шығып қалуы, жеңілдік санатындағы тұлғалардың деректерінің жаңартылмауы.
Жобалық офистің тапсырмасына сәйкес, МӘМС жарналарын қамтамасыз ету алгоритмі енгізіліп, оны Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асыруда. Төлем жүргізбеген азаматтарға салық төлеуші кабинеті арқылы хабарлама жолданады. Егер 30 күн ішінде мәселе шешілмесе, жеке есепшоттар уақытша бұғатталады. Азамат кірістер басқармасына жүгініп, төлем мәселесін реттеген жағдайда, есепшот қайта ашылады.
2025 жылдың 9 айында өңір бойынша 921 шағым тіркелді. Тұрғындардың басым бөлігі медициналық көмектің сапасына және дәрі - дәрмекпен қамтылуға қатысты өтініш білдірген.
Қор филиалы медициналық ұйымдармен бірлесе отырып, МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және тұрғындардың сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасауға шақырды.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Кентау қалалық емханасының мамандары МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Кентау қалалық емханасының медициналық қызметкерлері емханаға тиесілі учаскелерді аралап, тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар халық көп шоғырланатын сауда орталықтарында жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберіндегі қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс - шара барысында азаматтарға МӘМС жүйесінің мәні мен маңызы, сақтандыру мәртебесін анықтау жолдары және сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің түрлері туралы жан - жақты ақпарат берілді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты - халықтың медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейін арттыру және азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз ету.
Кентау қалалық емханасы
Баспасөз хатшысы
Қарнақ ауылында ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті
Қарнақ ауылында Кентау қалалық емханасына қарасты БМСККО Қарнақ медициналық қызметкерлері ауылдың сауда орталықтарында және халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындар арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында мамандар тұрғындарға МӘМС жүйесінің маңызы мен артықшылықтары туралы айтып, тегін медициналық көмек түрлерін түсіндірді. Сондай - ақ, халықтың сақтандыру мәртебесін тексеру жолдары мен медициналық қызметтерді алу тәртібі жөнінде ақпарат берілді.
Бұл жұмыстардың мақсаты - ауыл тұрғындарының медициналық сауаттылығын арттырып, сапалы және уақтылы медициналық қызмет алуына жағдай жасау.
- Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Кентау қалалық емханасының дәрігерлері Трансформатор зауыты қызметкерлерін тексерді
Кентау қалалық емханасының дәрігерлері қаладағы Трансформатор зауытына барып, қызметкерлерге кешенді медициналық тексеріс жүргізді.
Іс - шараға терапевт, хирург, невропатолог, окулист, ЛОР, акушер - гинеколог, профпатолог және зертхана мамандары қатысты. Тексеру барысында микрореакция және жалпы қан талдаулары алынып, артериялық қысым мен басқа да көрсеткіштер өлшенді.
Бұл шараның негізгі мақсаты - өндіріс қызметкерлерінің денсаулығын бақылау, кәсіби аурулардың алдын алу және ерте анықтау болып табылады.
Денсаулығы мықты ұжым - еңбек өнімділігінің кепілі!
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
Орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын студенттер мемлекет тарапынан МӘМС үшін жарна төленетін жеңілдетілген санатқа жатады.
Егер күндізгі бөлімде оқитын студенттер жұмыс істесе, жұмыс беруші олар үшін МӘМС жарнасын төлемейді. Студент жұмыс берушіге оқу орнынан анықтама беруі керек.
Қазақстанда күндізгі бөлімде оқитын студенттер оқу басталысымен МӘМС жүйесінде автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болады.
Шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін алу үшін электронды үкімет порталында «Шетелде оқитын студенттер» бөлімінде тіркелуі қажет.
Мен жүктімін, еш жерде жұмыс істемеймін, жеке кәсібім де жоқ. Медициналық сақтандыруды төлеуге міндеттімін бе?
Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, ол жеңілдік санатына кіреді және МӘМС - ке жарналарды мемлекет төлейді.
Ол үшін тіркелген орны бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігіне байланысты есепке тұруы қажет. Әдетте есепке гинеколог қояды, дегенмен оның қабылдауына жазылу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы тиіс. Бұл жағдайда жүкті әйел мәртебесі болмаса да ТМККК аясында қабылдау жүргізетін учаскелік дәрігер және акушер арқылы есепке тұра алады.
Босанғаннан кейін әйел - үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адам ретінде басқа жеңілдікті санатқа көшетінін білген жөн, сондықтан ол тағы да мемлекет есебінен сақтандырылады.
Жолдау басымдықтары: пациент сенімі мен сапалы қызмет - басты қағида
Президенттің биылғы Жолдауында халық денсаулығын қорғау және медициналық қызмет сапасын арттыру басты бағыттардың бірі ретінде атап өтілді. Мемлекет басшысы медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту, әсіресе, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) тетіктерін жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтті.
Осыған орай Кентау қалалық емханасы ұжымы Жолдауда көрсетілген бастамаларды толық қолдайды. Емхана қызметінің негізгі қағидаты - пациент сенімін арттыру және сапалы медициналық көмек көрсету болып қала береді.
Бүгінде емханада қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, электронды кезек жүйесі, онлайн жазылу қызметі, «Пациентті қолдау кабинеті» арқылы тұрғындардың өтініш - шағымдарын жедел қарау жолға қойылған.
МӘМС жүйесінің тиімді іске асуы - әрбір азаматтың денсаулығын қорғаудағы маңызды құрал. Сол себепті емхана ұжымы медициналық сақтандырудың мәнін түсіндіру және халықтың сенімін арттыру бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
Кентау қалалық емханасы алдағы уақытта да сапалы қызмет пен ашықтық қағидаларын басшылыққа ала отырып, халық денсаулығын нығайту жолындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатыбы
МӘМС жүйесінде мәртебені бір жылға қалай алуға болады?
Бұрын жүйеде «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін. Ал қазір өткен жылдың қарызын өтемей - ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады.
Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Есіңізде болсын: әр ай үшін 4250 теңгеден жеке - жеке төленуі тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате болып саналады.
Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз.
Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.
Ауыл медицинасын жаңғырту: қолжетімді көмек және жаңа мүмкіндіктер
Медициналық сақтандыру қорының директоры Бақыт Исмаханбетов МӘМС туралы заңға еңгізілген өзгерістер жөнінде "Түркістан" телеарнасына сұхбат берді
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Құрметті қала тұрғындары!
Көптеген азаматтардан «Қай қызметтер МӘМС аясында тегін, ал қайсысы ақылы?» деген сұрақтар жиі түсіп жатады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы №170/2020 бұйрығына сәйкес, медициналық ұйымдар көрсететін ақылы және ақысыз қызмет түрлері нақты белгіленген.
⸻
МӘМС жүйесі арқылы тегін көрсетілетін қызметтер:
• Жалпы практика дәрігерінің, терапевт немесе педиатрдың жолдамасы бойынша жүргізілетін зертханалық және диагностикалық тексерулер;
• Рентген, УДЗ, флюорография, маммография сияқты зерттеулер (жолдама болған жағдайда);
• Созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу мен бақылау.
⸻
Ақылы қызметтерге жататын жағдайлар:
• Дәрігердің жолдамасынсыз өз қалауыңызбен тексеруден өту;
• Контрастты рентген немесе жоғары технологиялық зерттеу түрлері;
• МӘМС пакетіне кірмейтін дәрілер мен қосымша сервистік қызметтер;
• Медициналық анықтамалар алу (075/у, 076/у, 073/у және басқа да нысандар) - бұл анықтамалар профилактикалық мақсатта емес, жұмысқа орналасу, оқу орнына түсу, жүргізуші куәлігі немесе шетелге шығу секілді жеке қажеттіліктер үшін беріледі.
Сондықтан аталған анықтамалар МӘМС және ТМККК (тегін медициналық көмек кепілдік көлемі) пакетіне кірмейді және ақылы түрде рәсімделеді.
⸻
Барлық ақылы қызметтер пациенттің жазбаша келісімімен, ресми түрде көрсетіледі.
Қызмет бағалары бекітілген емхана прейскурантына сай.
Егер сұрақтар туындаса, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуіңізге болады - мамандар әр сұрағыңызға заң аясында жауап береді.
МӘМС - 2025: ОНКОСКРИНИНГ ТЕГІН ӨТКІЗІЛЕДІ!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде 2025 жылы Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулер тегін жүргізіледі.
Онкоскрининг - бұл қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін маңызды профилактикалық тексеру. Ерте анықталған ауру - емделудің ең тиімді жолы!
Қай скринингтер тегін және кімдер өтеді:
1. Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы скрининг
Әйелдерге 40 - 70 жас аралығында
Әр 2 жыл сайын
Маммография әдісімен жүргізіледі.
2. Жатыр мойны обырына қарсы скрининг
Әйелдерге 30 - 70 жас аралығында
Әр 4 жыл сайын
Цитологиялық зерттеу (жағынды алу) әдісімен.
3. Ішек (тоқ ішек) қатерлі ісігіне қарсы скрининг
Әйелдер мен ерлерге 50 - 70 жас аралығында
Әр 2 жыл сайын
Нәжістегі жасырын қанға анализ және қажет болса колоноскопия.
4. Бауыр қатерлі ісігі (гепатитке байланысты топтар үшін)
Тәуекелі жоғары азаматтарға (созылмалы В және С гепатиті барлар)
Дәрігердің жолдамасымен
Онкоскринингтен уақтылы өтіңіз - денсаулығыңыз өз қолыңызда!
Ерте анықтау - өмір сапасы мен ұзақтығын сақтаудың кілті.
Кентау қалалық емханасы
Жоспарлы офтальмологиялық көмек алу тәртібі (МӘМС аясында):
1. Тіркелген емханадағы өзіңіздің жалпы тәжірибелі дәрігеріңізге немесе терапевтке жүгіну;
Егер қажеттілік болса, дәрігер сізді офтальмолог маманына жібереді.
2. Офтальмологтың тағайындауы бойынша поликлиника жағдайында тиісті тексеруден өту;
3. Егер тексеру нәтижесінде жоспарлы операция немесе стационарлық ем қажет болса, дәрігер госпитализацияға жолдама береді.
4. Пациент дәрігермен бірге ем жасайтын клиниканы таңдай алады;
5. Госпитализацияға жолдама алған соң, «Госпитализация бюросы» сайтында өз кезегін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік бар.
Кентау қалалық емханасы
Кентау қалалық емханасында
«Қызғылт қазан» айына орай сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтті.
Бұл шараның басты мақсаты - әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығын арттыру және тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру болды.
Ашық есік күні барысында келушілерді келесі мамандар қабылдады:
• Онкомаммолог - Е. Байраш
• Онкогинеколог - А. Джумабаева
• Маммолог (УДЗ дәрігері) - Ж. Акмалаева
• Онколог - Д. Абдулкасимов
Келген тұрғындарға тегін тексерулер жүргізіліп, кеңес берілді.
Мамандар сүт безін УДЗ арқылы тексеріп, әр әйелге жеке профилактикалық кеңес ұсынды.
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері мен алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс - шара барысында әйелдердің белсенділігі жоғары болды. Көптеген тұрғын өз денсаулығына мән беріп, тексеруден өтті.
Емхана ұжымы тұрғындарды жылына кемінде бір рет профилактикалық тексеруден өтуге шақырады.
Денсаулық - өмірдің ең үлкен байлығы. Өз денсаулығыңызды уақытылы тексертіңіз!
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ТІС ДӘРІГЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында Қазақстан азаматтарына стоматологиялық көмек тегін және жеңілдікпен көрсетіледі.
Тегін стоматологиялық көмек кімдерге көрсетіледі?
МӘМС шеңберінде келесі санаттағы азаматтарға тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі:
• 18 жасқа дейінгі балалар;
• Жүкті әйелдер;
• Зейнеткерлер;
• I, II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
• Көпбалалы аналар (күміс, алтын алқалы);
• Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
• Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар.
⸻
Тегін қызмет түрлері:
• Тіс жұлдыру (жедел және жоспарлы);
• Ауыз қуысы мен тіс - жақ ауруларын емдеу;
• Жедел ауырсынуды басу;
• Тісжегі (кариес) және қабыну процестерін емдеу;
• Тіс және ауыз қуысы инфекцияларын емдеу.
⸻
Ақылы негізде көрсетілетін қызметтер:
МӘМС жүйесіне кірмейтін азаматтар үшін немесе эстетикалық мақсаттағы емдер (мысалы, тіс ағарту, протездеу, брекет қою, пломба түрін таңдау т.б.) ақылы түрде көрсетіледі.
⸻
Қалай тексеріледі?
Сақтандырылған азаматтар өздерінің мәртебесін тексеру үшін:
- qoldau07.kz,
- egov.kz,
- немесе «ӘМСҚ» мобильді қосымшасы арқылы МӘМС мәртебесін біле алады.
⸻
МӘМС жүйесі - денсаулығыңыздың кепілі!
Тісіңізді ауыртпай, алдын алу тексерулеріне уақытылы барыңыз.
Кентау қалалық емханасы
Кентау қалалық емханасының - Хирург дәрігерімен блиц - сұхбат
Тақырып: МӘМС 2025 және Президент Жолдауы аясындағы медициналық қызметтердің дамуы
Тілші:
2025 жылғы Президент Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру туралы айтылды. Осыған қатысты ойыңызбен бөліссеңіз.
Хирург дәрігер:
Иә, Мемлекет басшысы Жолдауында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы - тікелей біздің кәсіби жауапкершілігіміз.
Тілші:
МӘМС 2025 жылы қалай өзгермек? Бұл пациенттерге және дәрігерлерге қалай әсер етеді?
Хирург дәрігер:
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жыл сайын жаңарып, тиімділігін арттыруда. 2025 жылдан бастап, Президент тапсырмасына сәйкес, МӘМС аясында қосымша жоғары технологиялы медициналық қызметтер қолжетімді болады.
Тілші:
Емханадағы хирургиялық көмек қалай көрсетіледі?
Хирург дәрігер:
Біздің емханада жоспарлы және шұғыл хирургиялық кеңестер күнделікті жүргізіледі. Жолдауда айтылғандай, "алдын алу - негізгі мақсат" деген ұстаныммен жұмыс істейміз. Ерте диагностика мен алдын ала кеңес - хирургиялық дерттердің асқынбауына себеп болады.
Тілші:
Халыққа қандай кеңес берер едіңіз?
Хирург дәрігер:
Денсаулық - адамның ең басты байлығы. Уақытылы тексеруден өтіп, қажет жағдайда мамандардың кеңесіне жүгінген дұрыс. МӘМС жүйесі осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға көмектеседі. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Еліміз аман, деніміз сау болсын!
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
МӘМС туралы түсіндіру жұмыстары мектепте өтті
Шаштобе жалпы білім беретін мектебінде 9 - 11 - сынып оқушылары арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы ақпараттық - түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
Іс - шараны Кентау қалалық емханасына қарасты БМСККО Қарнақ емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері - Айнитдинова Нилуфар Захитдиновна жүргізді.
Маман оқушыларға МӘМС жүйесінің мәні мен мақсатын, оның азаматтарға беретін артықшылықтарын және жасөспірімдерге қандай медициналық қызметтер қолжетімді екенін жан - жақты түсіндірді.
«МӘМС - бұл мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік кепіл. Әсіресе, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылған, сондықтан олар үшін жоспарлы және шұғыл медициналық көмектер тегін көрсетіледі,» - деді дәрігер.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушылар:
- МӘМС жүйесіндегі мәртебені қалай тексеруге болатынын,
- Қандай жағдайда медициналық қызметті тегін ала алатынын,
- Жеке жауапкершілік пен денсаулықтың маңызын тереңірек түсінді.
Бұл шара - жас ұрпақтың медициналық сауаттылығын арттырып, өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған.
Медициналық қызмет сапасы - басты назарда
Кентау қалалық емханасында Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында айтылған міндеттер мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), сондай - ақ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясындағы қызметтер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға арналған сұхбат өтті.
Сұхбат барысында емхананың "Медициналық қызметтердің сапасын бақылау" жөніндегі басшы орынбасары Бузаубақов Сәкен Кеңесбекұлы өзекті мәселелер мен болашақ бағыттар туралы түсініктеме берді.
«Президент Жолдауында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру басты басымдық ретінде белгіленді. Бұл тапсырма біздің күнделікті жұмысымыздың нақты бағыт - бағдарын айқындап отыр. МӘМС жүйесінің арқасында халықтың көп бөлігі бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болған қызметтерді тегін ала алады. Сонымен қатар, ТМККК шеңберінде жоспарлы және шұғыл көмек үздіксіз көрсетілуде,» - деді Сәкен Кеңесбекұлы.
Маманның айтуынша, қазіргі уақытта Кентау қалалық емханасында тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа технологиялар, цифрлық жүйелер және заманауи тәсілдер халық денсаулығын жақсартуға бағытталған.
МӘМС аясында көрсетілетін қызметтерге:
• Кеңес беру және диагностикалық тексерулер
• Хирургиялық көмек және оңалту
• Созылмалы ауруларды бақылау
• Скринингтік тексерулер кіреді.
ТМККК шеңберінде жедел көмек пен әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу толық қамтамасыз етілген.
Емхана тұрғындарға үнемі түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру көзделіп отыр.
ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық қызметтер ҚҚС - ТАН босатылады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Халық үшін бұл дегеніміз:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шеңберінде сирек (орфандық) және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрі - дәрмектерді қоса алғанда, дәрілік препараттардың бағасы бойынша қолжетімді болады;
- ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер, сондай - ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу жөніндегі қызметтер ҚҚС есебінсіз ұсынылатын болады.
Министрлік бұл шара пациенттерді қолдауға және емдеудің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Біздің басты міндетіміз - медициналық көмек пен қажетті дәрі - дәрмектерді адамдарға барынша қолжетімді ету. ҚҚС - тан босату медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және пациенттерге уақтылы көмек алу үшін көбірек мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті ведомствода.
Қаулының жобасы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі шаралардың шеңберінде іске асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты. Онда пациенттің рөлі трансформациядан өтіп, медициналық қызметтердің сапасы мен көрсетілуін бақылау жүйесіндегі негізге айналмақ.
Қор Qoldau 24/7 мобильді қосымшасының жаңа нұсқасын әзірлеуде. Оны жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Пайдаланушылар жеке кабинет арқылы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізіп, мәртебесін тексеріп, төлемнің түскенін қарай алады және ең бастысы - медициналық қызметтерді алу көрсеткішін көре алады.
«Бұл функционал бұрын - соңды болмаған деңгейдегі ашықтықты қамтамасыз етеді. Азаматтар ЖСН теріп, Қордың қандай қызметтерді төлегенін көруге мүмкіндік алады. Сондай - ақ, жалған жазбаны анықтау қызметі аса маңызды. Қызмет жүйеде тіркелген соң, пациентке хабарлама келеді және ол қызметті алғанын не алмағанын растай алады», - деді Айдын Құлсейітов.
Егер пациент қызметті алса, оны ЭЦҚ көмегімен растайды және бірден сапасына 1 - ден 5 - ке дейін баға бере алады. Ал қызмет көрсетілмесе (яғни, жалған жазба), пациент оны да ЭЦҚ арқылы тіркеп, Қор расталмаған медициналық қызмет бойынша автоматты түрде ресми тексерісті бастайды.
Осылайша, Qoldau 24/7 әр сақтандырылған азаматты жүйенің аудиторы ретінде қарап, алаяқтықпен күрестің ең тиімді сыртқы контурын қамтамасыз етеді.
Өткен жылдан бері Қор негізгі процестердің толық цифрландырылуын жүзеге асыруда. 1 шілдеден бастап бақылау жүйесі сынақ режимінде іске қосылды. Нәтижесінде, автоматты түрде ақауларды анықтаудың дәлдігі 4 есе артты. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов бүгінгі Үкімет отырысында хабарлады.
«Ең маңыздысы - үдеріске адамдар ықпал ете алмайды (эксперттер мен филиалдар), бұл тексерулердің объективтілігін қамтамасыз етті. Экстерриториалдық қарау принциптері енгізілді және Қор қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмау үшін жалған көрсеткіштерді автоматты түрде анықтау жүйесі іске қосылды», - деп атап өтті Құлсейітов.
Бақылау сапасын арттыру мақсатында Қор жалған жазбаларды және басқа да ақауларды анықтау алгоритмдерін үздіксіз жетілдіруді жоспарлап отыр. Спикер атап өткендей, осы жылдың қыркүйек айында тек үш жаңа формалды - логикалық бақылауды енгізу 502 миллион теңгені құрайтын бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Қазір формалды - логикалық бақылау жиынтығын кеңейту жұмысы жалғасуда.
Жаңа мониторинг жүйесін енгізгеннен кейін жалған жазбаларды анықтау көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 19 есе өсті (бұрын олардың басым бөлігі Қордың бақылауынан тыс қалып келді). Бұдан бөлек, жүйе іске қосылғаннан бері жалған жазбалардың саны 17 есе азайды.
«Қордың автоматтандырылған бақылау жүйесі медициналық ұйымдардағы тәртіпті қалай жедел арттырғанын айқын көрсетеді. Маусым айында пилоттық режимдегі жалған жазбалары бар медицина ұйымдарының үлесі 44% болса, тамыз айына қарай бұл көрсеткіш 18% - ға дейін күрт төмендеді. Әсіресе ірі бұзушылықтар санатындағы нәтижеге зер салсақ, маусымда 43 ұйым 200 АЕК - тен асатын жалған тіркеулерге жол берсе, тамызда олардың саны нөлге дейін қысқарды. Бұл динамика цифрлық мониторингтің бұзушылықтарды болдырмау мен қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудегі ең тиімді құрал екенін көрсетеді. Нәтижесінде бұл шаралар халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін тікелей арттырады», - деді Қор басшысы.
Жаңа оқу жылының басталуы ата - аналар үшін де маңызды кезең. Олар балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлуі тиіс және Қазақстандағы барлық оқушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілгенін есте ұстағаны жөн. Балалар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Сондықтан балалар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.
Балаларға тегін көрсетілетін қызметтер аясы кең: мектеп медицинасынан және тіс емдеуінен бастап, стационарлық емге, оңалту шараларына және жоғары технологиялық көмекке дейін.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша профилактикалық медициналық тексерулермен жылдық жоспардың 52% - ы қамтылған. 11% оқушыда алғаш рет ауру белгілері анықталған, олардың ішінде ең жиі кездесетіні: кариес, теміртапшылық анемиясы және миопия. Алғаш рет анықталған патологиясы бар балалардың 30% - ы динамикалық бақылауға алынған.
Тіс жегісінің және ауыз қуысы ауруларының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасын іске асыруда. Бүгінде шамамен 150 мектеп стоматологиялық кабинеті ашылған, жыл соңына дейін олардың саны 240 - тан асады, ал 2028 жылға қарай 1000 - нан астам кабинет жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, балалардың теңгерімді әрі толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылынан бастап мектептік тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енді. Тағамдағы тұз бен қант мөлшерін шектеу ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес келеді және бұл созылмалы аурулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтар енді МӘМС - тегі мәртебесінің бар - жоғына қарамастан онкоскринингтен ақысыз өте алады. Бұл қызмет түрі тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті аясында қолжетімді.
Скринингтен өту үшін әр адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханахаға баруы қажет.
Әлеуметтік қызметкердің пікірі: МӘМС жүйесінің орны
Кентау қалалық емханасының әлеуметтік қызметкері Д. Нуримова 2025 жылы халыққа қолжетімді медициналық көмекті арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің маңызы зор екенін атап өтті.
"МӘМС - әрбір азаматқа сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін жүйе. Сақтандырылған адам тек тегін кепілдендірілген көмекті ғана емес, қосымша қызметтерді де пайдалана алады. Бұл жоспарлы стационарлық көмекке, қымбат зертханалық талдауларға және дәрігерлердің қабылдауына жол ашады", - дейді әлеуметтік қызметкер.
Сонымен қатар, ол МӘМС халық үшін ортақ жауапкершілік екенін, әрбір сақтандырылған азаматтың денсаулығын қорғауға қосқан үлесі маңызды екенін ерекше атап өтті.
Кентау қалалық емханасының баспасөз хатшысы
МӘМС жүйесі
2027 жылдан бастап қаржыландырудың сақтандыру моделі толық іске асады:
- 65% - МӘМС жарналары
- 35% - бюджет есебінен
- 90% халық қамтылады
- Әлеуметтік осал топ үшін жарнаны мемлекет төлейді
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Оқушыларға қандай медициналық көмек қарастырылған?
Оқу жылы басталғалы бері ата - аналар балаларына қандай тегін медициналық қызметтер көрсетілетінін білгісі келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл туралы түсініктеме дайындады.
Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.
Толығырақ newshub.kz сайтынан оқуға болады
https://newshub.kz/post/oqusylarga - qandai - medicinalyq - komek - qarastyrylgan - 1758170455
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
МӘМС аясында — әйелдер денсаулығына жаңа мүмкіндік
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл тұрғындарының заманауи медицинаға қол жеткізуін қамтамасыз етуді ерекше атап өткен болатын. Осы бағытта Отырар аудандық орталық ауруханасы әйелдер денсаулығын қорғауға арналған заманауи гинекологиялық оталарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Барлық оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалады.
Толғырақ newshub.kz ақпараттық порталында
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Кентау қалалық емханасының жалпы тәжірибелі бөлімінің меңгерушісі Д.Берденова МӘМС жүйесіне қатысты сұхбат берді.
Жеке кәсіпкерде мүгедектік болса, ОСМС - қа жарна төлеуі қажет пе?
Жоқ, себебі ол жеңілдікті санатқа жатады.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер келесі жеңілдік санаттарына кірсе, МӘМС жарнасын төлемейді:
- 18 жасқа дейінгі балалар;
- Зейнеткерлер, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар, «Ана даңқы» орденінің I және II дәрежелі иегерлері;
- Мектеп, лицей, колледж, жоғары оқу орны мен магистратурада күндізгі бөлімде оқитындар.
Азаматтардың сұрақтарына жауап беру арқылы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру - біздің басты міндетіміз.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қамқор болудың ең тиімді жолдарының бірі - скринингтен уақтылы өту. Бұл туралы С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының МСАК бас маманы Жадыра Айнекова айтып берді.
Жадыра Асылханқызы ауырғаннан кейін ем іздеудің орнына, ауруды алдын ала анықтап, емдеуді қолға алған абзал дейді. Көп адам ауырғанша дәрігерге бармайды, сол себепті қатерлі ісіктер көбінесе соңғы кезеңдерде анықталады. Ал профилактикалық тексеруден уақытында өтсе, ауруды ерте кезеңде анықтап, өмірді сақтап қалуға болады. Мысалы, жатыр мойны мен сүт безінің обырын скринингтің арқасында 89 пайызға дейін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік бар.
Облыстық балалар ауруханасында 17 жастағы жасөспірімге МӘМС шеңберінде күрделі операция жасалды.
Бала Шардара ауданынан санитарлық авиация қызметі арқылы ауыр халде жеткізілген. Тексеру барысында оның бесінші мойын омыртқасы зақымданғаны, соның салдарынан аяқ - қолын басқара алмай қалғаны анықталды.
Дәрігер - нейрохирургтар шұғыл түрде транспедикулярлық фиксация әдісімен жоғары технологиялық ота жасады. Процедура кезінде ангиограф аппараты қолданылып, зақымдалған омыртқа хирургиялық жолмен жасанды омыртқаға ауыстырылды.
Мамандардың айтуынша, операцияның басты мақсаты - жұлынды қысымнан босатып, омыртқаны бекіту арқылы жасөспірімнің қимыл - қозғалысын қалпына келтіру.
Дереккөз: newshub.kz
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға биылғы шілде - тамыз айларына төлем жүргізу барысы туралы есеп берді.
2025 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек көрсету үшін Қор жеткізушілермен жалпы сомасы 2 499 млрд теңгені құрайтын медициналық қызметтерді сатып алу шарттарын жасасты.
2025 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша медициналық ұйымдарға шамамен 1 462,8 млрд теңге төленді, оның ішінде 328,8 млрд теңге жеткізушілерге аванс ретінде берілді.
Медициналық қызметтерден бөлек азаматтарды амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 2025 жылы 263 млрд теңге, оның ішінде ТМККК шеңберінде - 226,6 млрд теңге, ал МӘМС шеңберінде - 36,4 млрд теңге бөлінді. «СК - Фармация» ЖШС - мен амбулаториялық дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуге жасалған келісімшарт бойынша орындалған сома - 125,1 млрд теңге.
Айта кетейік, Қор медициналық қызмет жеткізушілерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, бұл азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Десе де төлемдер ҚР Қаржы министрлігінен қаржы түсуіне қарай жүргізіледі.
Жеке кәсіпкердің ешқандай табысы болмаса да, МӘМС - ке жарна төлеуі қажет пе?
Иә, МӘМС жүйесінде жарна төлеу міндеті жұмыс істеп тұрған ЖК болу фактісі бойынша туындайды және ол табысқа байланысты емес.
Егер жеке кәсіпкер ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтатса немесе «жұмыс істемейді» деп танылса, жарна төлеуден босатылады.
Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындар саны 2 073 213 адамды құрап отыр. Олардың ішінде, МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 1 777 012 адамды (85,7%) құраса, сақтандырылмағандар саны - 296 201 адам (14,3%).
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамту және медициналық қызмет сапасын жақсартуға қатысты атқарылған жұмыстар сараланды.
Мәжілісте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, Қор филиалы тарапынан «В» категориясы бойынша 68 медициналық ұйымға 130 718 адамның тізімі жолданған болатын. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 43 медициналық ұйым аралау барысында 115 846 адамды анықтап, тиісті жұмыстар жүргізді. Қалған медициналық ұйымдар тізімді талдау жұмыстарын жалғастыруда.
Бейсен Тәжібаев жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына жұмыста салғырттыққа жол бермеуді ескертіп, жоспардың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.
МӘМС жүйесіне жарналардың түсуін қамтамасыз ету алгоритмі әзірленіп, Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырып жатыр. Жұмыс алгоритмі бойынша МӘМС жүйесіне төлемді тұрақты жүргізбеген азаматтардың тізімі нақтыланып, оларға салық төлеуші кабинетінен хабарлама жолданады. Хабарламадан кейін 30 күн өткен соң борышкерлердің жеке есепшоттары бұғатталады. Жалпы, республика бойынша наурызда - 107 579, сәуірде - 188 360, мамырда - 164 611, маусымда 201 719 салық төлеушіге хабарлама жолданған.
2025 жылдың 8 айында Түркістан облысы бойынша CRM жүйесінде 836 шағым тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56 - ға төмендеген. Яғни, өткен жылдың 8 айында 892 шағым тіркелген.
Жиын барысында жауапты басшылар МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша піркірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды, ол 1 қарашаға дейін жалғасады.
Осы кезеңде әр азамат өз елдімекені шегінде емхананы таңдауға немесе ауыстыруға құқылы. Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:
• eGov.kz порталы арқылы (онлайн, 1 жұмыс күні ішінде қаралады);
• таңдалған емханада жеке өтініш беру арқылы.
Маңызды: бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер емхананы ауыстыруды жоспарламасаңыз, қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Жаңа емхана медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді (Қормен келісімшарт болған жағдайда).
Ұсыныстар:
• Барлық отбасы мүшелерін бір дәрігерге тіркеу сапалы бақылауды қамтамасыз етеді.
• Үйде медициналық көмек көрсетілу үшін емхананы тұрғылықты жерге жақын (жаяу 15 - 20 минут) таңдаған жөн.
Бекітуден бас тарту себептері:
• өтініштегі дұрыс емес деректер;
• басқа елдімекенде тұру;
• емханада тіркелгендер санының шектен асуы;
• баланы тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы.
Емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай - ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда.
Президенттің былтырғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды тапсырмалар берілген еді. Әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде сол тапсырмалар қалай орындалып жатыр? МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді?
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева 24kz телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Қате төленген жарналарды қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазу керек. Өтініш бланкын Қор сайтынан жүктеп алсаңыз болады және оған міндетті түрде төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Дайын өтінішті пошта арқылы немесе eotinish.kz порталы арқылы жіберсеңіз болады. Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды.
Науқасқа тегін жасалған ота өмірін сақтап қалды
Түркістан облысында бауыр циррозының асқынуы нәтижесінде өңештің варикозды кеңею белгілерімен ауруханаға түскен науқасқа жоғары технологиялық ота жасалып, оның өмірі сақталды.
Науқастың диагнозы - «Бауыр циррозындағы өңештің варикозды кеңеюінің белгілері». Дәрігерлер қан кету қаупінің алдын алу үшін жедел шаралар қабылдады. Диагностика мен ота Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалды.
Операцияны Амбулаториялық - хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, хирург - эндоскопист Джаббаров О.Д. жүргізді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы, ол ауруханадан үйіне шығарылды.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда қан кетуді тоқтату мәселесі эндоскопиялық тексеру (ФГДС) немесе зонд қою арқылы шешіледі. Асқазан жуылып, жаңа қан бөлінуі бақыланады. Егер қан кету жалғасса, науқасқа қосымша медициналық көмек көрсетіледі.
Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы - тұз қышқылы мен пепсин әсерінен шырышты қабықтың зақымдануымен сипатталады. Оның негізгі себептерінің бірі - Helicobacter pylori бактериясы. Бұл дерттің асқынуы асқазан - ішек жолынан қан кетуге әкелуі мүмкін.
Түркістан облысының дәрігерлері күрделі жағдайларды уақтылы анықтап, МӘМС аясында тегін көмек көрсетуді жалғастыруда.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Петропавлдағы көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында 81 жастағы тұрғынға иық сүйегінің сынуына байланысты ота жасалды. Зейнеткер қатты ауырсынуға және сол қолын пайдалана алмауына шағымданған. Тексеру нәтижесінде иық сүйегінің жоғарғы бөлігінің ығысуы бар көп сынық анықталды.
Травматолог Михаил Комаренконың айтуынша, пациенттің жасы мен соған байланысты қауіптерге қарамастан, барлық қажетті тексерулер мен дайындықтан кейін бесінші күні жалпы наркозбен ота жасалды.
«Пациентке сүйек сынықтарына жабық репозиция жасалып, ішкі фиксация орнатылды. Зейнеткер жеңілдікті санатқа жататындықтан, барлық медициналық қызмет МӘМС аясында көрсетілді», - деп түсіндірді дәрігер.
Қазіргі таңда пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне амбулаторлық ем алуға шығарылды.
Дереккөз: QZ NEWS
Түркістан облысында МӘМС жүйесі бойынша жұмыстар күшейтіледі
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Исмаханбетов облыстағы сақтандыру жүйесінің жай - күйі мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасап, әр азаматтың МӘМС жүйесіне қатысудың өз пайдасын түсініп, белсенділік танытуының маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, бұл бастамалар 2027 жылдан бастап қаржыландырудың сақтандыру үлгісіе басымдық беруге мүмкіндік жасайды. Денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын қаржыландыруды 65% - МӘМС жүйесі есебінен, 35% - мемлекеттік бюджет есебінен жүргізу енгізілмек. Бұл үлгі халықтың барлық санатына медициналық көмекті әділ және теңдей қолжетімді етуді көздейді. Сонымен қатар, МӘМС жүйесімен қамтылған халық үлесі 95% - ға дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, облыс тұрғындарының 83% - дан астамы сақтандырылған.
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын сақтандыру моделіне көшіру - азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, медициналық қызметтердің әділеттілігін қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды реформа. Түркістан облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ендігі мақсат - халықты жан - жақты ақпараттандырып, сақтандыру жүйесіне толықтай тарту.
Толғырақ newshub.kz сайтында
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
МӘМС - халық денсаулығы үшін маңызды жүйе
Кентау қалалық емханасының аймақтық дәрігері Нұрәлі Әділет Қыдырәліұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жайлы сұхбат берді.
- МӘМС дегеніміз не?
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - бұл әрбір азаматтың сапалы және қолжетімді медициналық көмек алуына арналған жүйе.
- Сақтандырылған азамат қандай қызметтерді тегін ала алады?
- Учаскелік дәрігердің қабылдауынан бастап, тар бейінді мамандардың кеңесіне жүгіну, зертханалық талдаулар мен диагностикалық тексерулер, жоспарлы ем және стационарлық көмек.
- Жарнаны кімдер төлейді?
- Жұмыс істейтін азаматтар үшін жарнаны жұмыс беруші мен қызметкер бөледі. Ал әлеуметтік осал топтағы адамдар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
- Егер адам сақтандырылмаған болса не болады?
- Мұндай жағдайда тек шұғыл көмек пен мемлекеттік кепілдендірілген тегін қызметтер көрсетіледі. Ал жоспарлы ем, тексеру және отаға қолжетімділік болмайды.
- МӘМС жүйесіне қалай қосылуға болады?
- Азамат өзінің сақтандыру мәртебесін eGov.kz порталы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы немесе 1414 нөмірі арқылы тексере алады. Жарналарды тұрақты түрде төлеп отырған жағдайда жүйеге қатысушы болады.
«МӘМС жүйесі - халықтың игілігіне арналған. Әрбір азамат өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтандырудың артықшылығын пайдалануы тиіс», - дейді аймақтық дәрігер Нұрәлі Әділет Қыдырәліұлы.
Баспасөз хабарламасы
Кентау қалалық емханасында МӘМС жүйесіне енгізілген өзгерістер талқыланды
Кентау қалалық емханасында медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі басшының орынбасары С. Бузаубақовтың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістерге арналған семинар өтті.
Семинар барысында МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің жаңа мүмкіндіктері, тұрғындардың сақтандыру жүйесі арқылы ала алатын медициналық көмектің көлемі мен қолжетімділігі туралы жан - жақты ақпарат берілді.
Іс - шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, жаңа ережелердің тұрғындарға тиімді тұстары мен жүйенің жетілдірілген тетіктері түсіндірілді.
Семинардың басты мақсаты - халықты МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ету.
Кентау қалалық емханасы алдағы уақытта да халық денсаулығын қорғауды басты назарға алып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді жалғастырады.
#мәмстүркістан
36 жастағы жүкті әйелге күрделі ота жасалды
Түркістан қаласында облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері 36 жастағы жүкті әйелге МӘМС есебінен күрделі ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды.
Жүкті әйел жүктіліктің 34 аптасында бірнеше қауіпті диагнозбен перинаталдық орталыққа жеткізілген. Тексеру барысында бала жолдасының жатыр және қуық қабырғасына ене өсуі, жатыр тыртығы, кіндік бауының ұрық мойнына бір рет оралуы және гестациялық гипертензия анықталды. Бұл жағдайлар акушерлік тәжірибеде сирек кездесетін әрі аса қауіпті асқыну - “Placenta percreta PAS III” диагнозына әкелген.
Мұндай диагноз кезінде қан кету қаупі өте жоғары болып, ана мен бала өміріне төнген қатер бірнеше есе артады. Дәрігерлер жедел түрде консилиум өткізіп, науқасқа шұғыл кесар тілігі арқылы ота жасау туралы шешім қабылдады.
Күрделі операция нәтижесінде сәби дүниеге аман - есен келді. Перинаталдық орталық дәрігерлерінің кәсібилігі мен командалық жұмысының арқасында анаға да тиісті көмек дер кезінде көрсетіліп, босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды.
Қазіргі таңда ана мен бала жағдайы қанағаттанарлық, екеуі де үйіне шығарылды.
Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүкті әйелдердің уақытылы тіркеліп, барлық жоспарлы тексерулерден өтіп, дәрігердің кеңесін қатаң сақтауын ескертеді.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Баспасөз хабарламасы
Кентауда МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Кентау қалалық емханасының және Кентау қалалық емханасына қарасты БМСККО Қарнақ емханасының қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындарда және тұрғын үй учаскелерін аралап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тұрғындарға МӘМС жүйесінің жаңа мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріліп, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
МӘМС жүйесіндегі негізгі өзгерістер:
• 2026 жылдан бастап жұмыспен қамту орталығында тіркелген, бірақ ресми жұмысы жоқ азаматтардың жарналарын мемлекет (жергілікті атқарушы органдар) төлейтін болады;
• сақтандырылған тұлғалар жоспарлы стационарлық көмек пен кеңейтілген амбулаториялық қызметтерді еркін пайдалана алады;
• әлеуметтік осал топтарға медициналық көмектің қолжетімділігі арта түседі.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты - тұрғындарды МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ету.
Кентау қалалық емханасы халықты ақпараттандыру шараларын жалғастырып, тұрғындардың денсаулығын қорғауды басты міндет ретінде қарастырады.
#мәмстүркістан #МӘМС
Облыстық көпбейінді ауруханада 19 жастағы сарбазға заманауи медициналық технологияның көмегімен сәтті ота жасалды. Науқас ішінің сол жақ бөлігіндегі қатты ауырсынуға шағымданып, дәрігер көмегіне жүгінген. Жүргізілген кешенді тексерулер нәтижесінде оның сол жақ бүйрегінде тас бары анықталып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Уролог - дәрігер Еділ Аскаровичтің айтуынша, пациентке контактті лазерлік литотрипсия әдісімен ота жасалған.
- Бұл тасты арнайы лазер сәулесінің көмегімен уатып, ұсақталған бөлшектерін арнайы құралдар арқылы сыртқа шығару тәсілі. Операция омыртқалық анестезия әдісімен жүргізілді. Бұл әдістің артықшылығы - науқас операция кезінде есін біліп жатады, бірақ ауырсыну мүлде сезілмейді. Сонымен қатар, мұндай тәсіл пациенттің тезірек қалпына келуіне мүмкіндік береді, - деді дәрігер.
- Қазір жағдайым жақсы. Ота сәтті өтті, ешқандай ауырсыну болған жоқ. Барлық ем - шаралар МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетілді. Менің құқығым қорғалды. Оны анық сезіндім. Барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын, - деді сарбаз Айсұлтан.
#мәмсбқо #фсмсзко
Түркістан облысында МӘМС жүйесі бойынша жұмыстар күшейтіледі
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Исмаханбетов облыстағы сақтандыру жүйесінің жай - күйі мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасап, әр азаматтың МӘМС жүйесіне қатысудың өз пайдасын түсініп, белсенділік танытуының маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, бұл бастамалар 2027 жылдан бастап қаржыландырудың сақтандыру үлгісіе басымдық беруге мүмкіндік жасайды. Денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын қаржыландыруды 65% - МӘМС жүйесі есебінен, 35% - мемлекеттік бюджет есебінен жүргізу енгізілмек. Бұл үлгі халықтың барлық санатына медициналық көмекті әділ және теңдей қолжетімді етуді көздейді. Сонымен қатар, МӘМС жүйесімен қамтылған халық үлесі 95% - ға дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, облыс тұрғындарының 83% - дан астамы сақтандырылған.
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын сақтандыру моделіне көшіру - азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, медициналық қызметтердің әділеттілігін қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды реформа. Түркістан облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Ендігі мақсат - халықты жан - жақты ақпараттандырып, сақтандыру жүйесіне толықтай тарту.
Толғырақ newshub.kz сайтында
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгінуге болады?
Егер шұғыл медициналық көмек алуға немесе учаскелік дәрігерге көріну үшін сақтандырылған мәртебесін талап етсе;
Учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмаса немесе қабылдаудан бас тартылса;
Сіз аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса;
Егер сіз бейінді маманға алдағы бір айға жазыла алмасаңыз;
Медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық және зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
Егер сізді ақылы тексерулерге жіберсе немесе 15 жұмыс күнінен артық күту ұсынылса;
Егер дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса.
«Пациенттерді қолдау және ішкі аудит» қызметінің басты міндеті халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімдігін қамтамасыз ету және пациенттерден түскен шағымдарды «осында және қазір» қағидаты бойынша шұғыл түрде шешуге негізделген.
Көпшілік емханаға баруды уақытты босқа жоғалту деп есептейді. Алайда, емханаңыз бен учаскелік дәрігеріңізді білу маңызды әрі тиімді. Оның бірнеше себебі бар:
1. Үйге жақын орналасуы
Әдетте үйіңізге жақын емханаға тіркелген жақсы, бұл жолға кететін уақытты үнемдейді, әсіресе шұғыл жағдайларда.
2. Барлық деректер - бір жерде
Емхананың медициналық ақпараттық жүйесінде сіздің барлық қабылдауларыңыз, талдауларыңыз, операцияларыңыз туралы ақпарат сақталады.
3. Шұғыл көмек көрсету
Емханада фильтр - кабинет пен шұғыл көмек көрсету кабинеті бар, мұнда дәрігердің жолдамасынсыз қажетті көмек ала аласыз.
4. Тегін медициналық қызметтер
Емханаларда көптеген тексерулер мен емдеу түрлерін МӘМС аясында тегін өтуге болады.
5. Аурулардың алдын алу
Емханалар ауруларды ерте анықтау үшін тұрақты скринингтер өткізеді. Бұл денсаулығыңызды қосымша шығынсыз бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
6. Операцияға жолдама беру
Емхана қажет болған жағдайда пациентті дайындап, оны «Емдеуге жатқызу бюросының» порталына тіркейді. Операциялар МӘМС аясында тегін жүргізіледі.
ОСМС бойынша ТОП - 5 сұрақ: мәртебені қалай алу, емханаға тіркелу және тексеруден өту
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Дегенмен, азаматтардың әлі де мәртебе мен медициналық көмекті алу тәртібіне қатысты сұрақтары бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
⸻
1. Жақында жұмысқа орналастым, бәрі ресми. Енді мен үшін ОСМС қашан басталады?
Сақтандырылған мәртебе соңғы 12 айға немесе алдағы 12 айға үзіліссіз төлемдер болғанда ғана беріледі. Егер бұған дейін ресми түрде жұмыс істемесеңіз, жұмыссыз ретінде жеңілдік санатына кірмесеңіз және жарнаны өзіңіз төлемесеңіз, мәртебе үздіксіз жарна төлеуді бастаған күннен бастап 1 жыл өткен соң беріледі.
Егер осы мерзімге дейін ОСМС бойынша медициналық көмек алу қажет болса, соңғы 12 айдың жарнасын бірден төлей аласыз.
⸻
2. Жақында несие рәсімдегім келді, бірақ жұмыс берушім мен үшін жарна төлемейтінін білдім. Айлықтан ұстап отырса да. Бұл маған қалай әсер етеді және не істеу керек?
Егер жұмыс беруші сіз үшін жарна төлемесе (жалақыдан ұсталса да), онда ОСМС жүйесінде берешек пайда болады. Нәтижесінде сақтандырылған мәртебеңіз жойылып, сақтандыру пакетіндегі қызметтерді - тар бейінді дәрігерлердің кеңесін, диагностика, жоспарлы операциялар және т.б. - ала алмайсыз.
Мұндайда ең алдымен ұйымыңыздың бухгалтериясына барып, төлемдердің неге түспегенін анықтаңыз. Мүмкін, қате есепке алынған болар. Егер жұмыс берушінің әрекеті заңсыз болса, Мемлекеттік кірістер органына немесе еңбек инспекциясына жүгініп, құқығыңызды қорғай аласыз.
⸻
3. Біраз уақыт шетелде болдым, бірнеше ай елде жоқ едім. Енді ОСМС бойынша емделуім керек. Мәртебемді қалай қалпына келтіремін?
Егер бұған дейін жарналарды уақытылы төлеп, сақтандырылған болсаңыз, мәртебені қалпына келтіру үшін тек өткізіп алған айлар үшін берешекті өтесеңіз жеткілікті. Бұл жағдайда соңғы 12 айға төлемдер болғаны маңызды.
Жарналардың түсу - түспегенін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасынан немесе Telegram - дағы Saqtandyry - bot арқылы тексеруге болады.
⸻
4. Басқа қаладан көшіп келдім. Жаңа мекенжай бойынша емханаға қалай тіркелемін?
Емханаға тіркелу электрондық үкімет порталында (“Электронды үкімет” - eGov) тиісті мемлекеттік қызмет арқылы жүргізіледі.
Алдымен тұратын жеріңіз қай емханаға қарайтынын анықтаңыз (аймағыңыздың анықтама қызметіне хабарласып, мысалы, Астанада - 109 нөмірі). Содан кейін порталға ЭЦҚ арқылы кіріп, “Онлайн сұрау” батырмасын басыңыз. Өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ - мен қол қоясыз.
Өтініш өңделген соң хабарлама жеке кабинеттегі “Көрсетілген қызметтер тарихы” бөлімінде пайда болады. Егер белгіленген мерзімнен кешіксе, сұрау жіберілген емханаға тікелей жүгінуге болады.
Тіркелу кезінде бас тартпау үшін алдын ала емханада учаскелерде бос орын бар - жоғын білген жөн.
⸻
5. Жүкті әйелмін, жеке гинекологқа қараламын. ОСМС арқылы скринингтен тегін өте аламын ба?
Иә, скринингтік тексерулер, соның ішінде пренаталдық скрининг, ОСМС медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Жүкті әйелдерге зертханалық талдаулар, аспаптық диагностика, тар бейінді мамандардың кеңесі де тегін ұсынылады.
Уақтылы бақылау үшін жүкті екеніңізді 12 аптаға дейін өзіңіз тіркелген емханада есепке қою қажет.
Эпилепсияға қарсы заманауи әдіс
Түркістан облыстық балалар ауруханасында ҚР ДСМ - нің бас балалар нейрохирургі Г.Өлеңбайдың қатысуымен vagus - нейростимуляция (VNS) отасы сәтті өтті.
VNS дегеніміз не?
Бұл - эпилепсияны емдеудің заманауи хирургиялық әдісі. Арнайы нейростимулятор құрылғысы кезеген жүйкеге орнатылып, мидағы құрысу белсенділігін басады.
Ота МӘМС аясында тегін жасалды.
Жоғары технологиялық медициналық көмек.
Балалар мен ересектерге қолданылады.
Бұл - еліміздегі балалар нейрохирургиясының дамуына және пациенттердің өмір сапасын арттыруға маңызды қадам.
Толғырақ newshub.kz сайтынан оқуға болады.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Маңызды білу керек: ОСМС мәртебесін қалай жоғалтпауға болады және 2026 жылдан не өзгереді
Кейбір қазақстандықтар өздерін сақтандырылған деп ойлағанымен, емханаға барған кезде ОСМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде мәртебесінің жоқ екенін біліп, тосын жағдайға тап болады. Көбіне бұл жарна төлеудегі қателіктерге байланысты болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) ең жиі кездесетін себептерді атады.
Заңға сәйкес, «ОСМС туралы» мәртебе тек өткен немесе алдағы 12 айға жарналар төленген жағдайда ғана беріледі. Алайда, өз бетінше төлеушілер болашақ кезеңге жарна аударғанда жиі қателеседі:
• 12 айға бір айлық төлемдей сома аударады;
• Жыл таңдау кезінде қателеседі;
• Толық кезең емес, тек ағымдағы жылдың қалған айларына ғана төлейді.
Мұндай жағдайда мәртебе берілмейді. Егер төлемді қате кезеңге жіберсеңіз, ақшаны қайтаруға болады - ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш беріп, түбіртектерді қоса тапсыру қажет.
ӘМСҚ кеңесі: егер айдың соңына дейін аз уақыт қалса және осы айда медициналық көмек алуды жоспарламасаңыз, жарнаны келесі айдан бастап төлеген дұрыс.
Мысалы, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейін төлесеңіз, бір жыл бойы ОСМС шеңберінде емделу құқығына ие боласыз.
Жұмыс берушілер үшін:
Экономикалық белсенді халық үшін жарнаны жұмыс берушілер төлейді. Ұзақ мерзімді демалыс (мысалы, мұғалімдердің жазғы демалысы) кезінде жарнаны демалыс күндеріне пропорционалды түрде бөліп, бір төлеммен төлеу қажет.
Егер қызметкер ұзақ мерзімді оқуға кетсе немесе ұзақ уақыт ауруханалық парақта болса, сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін сол айға жарнаны өзі төлеуі тиіс (айлық есептік көрсеткіштің 5% - ы - 4 250 теңге).
2026 жылдан бастап өзгеріс:
• Егер азамат 5 жыл бойы тұрақты түрде ОСМС жарналарын төлеп келсе, бірақ қандай да бір себеппен уақытша төлей алмаса, оның мәртебесі бұрынғыдай 3 ай емес, 6 айға дейін сақталады.
• Ал жүйеге қатысу мерзімі 5 жылдан аз болса, мәртебе бұрынғыдай 3 айға ғана сақталады.
ӘМСҚ ресми өкілі Забира Оразәлиеваның айтуынша, бұл өзгеріс жүйеге тұрақты қатысып жүрген, бірақ уақытша қиындыққа тап болған азаматтарды қолдауға бағытталған.
Мен МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санатындамын, бірақ жүйеде мәртебе берілмеген. Неліктен?
Жеңілдік мәртебесі азаматтарды тиісті реестрлер мен базаларға енгізу негізінде беріледі. Мұның бәрі төлеушінің санатына байланысты.
Мысалы, күндізгі бөлімде оқитын студенттерді Ұлттық білім беру базасына, ал жүкті әйелдер жүкті және фертильді жастағы әйелдер тізіліміне қосылуы керек.
Егер пациенттің деректері тиісті базаларда болмаса және Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәлімет алмаса, онда олар жеңілдік санатына кіре алмайды. Мұндай жағдайда студенттер өздерінің оқу орнының деканатына жүгінуі тиіс, ал әйелдер жүктілік бойынша есепке тұруы керек.
#әмсққызылорда #фсмскызылорда
Мен жақында ресми жұмысқа орналастым. Енді маған сақтандыру мәртебесі қашан беріледі?
«Сақтандырылған» мәртебесі қатарынан 12 ай (өткен немесе алдағы) үшін тұрақты төлем жасалған жағдайда беріледі. Егер сіз бұған дейін ресми жұмыс істемесеңіз, жұмыссыз ретінде жеңілдік санатына кірмесеңіз және төлемді жеке төлеуші ретінде жасамаған болсаңыз, онда жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру мәртебесі беріледі.
Егер осы кезеңге дейін МӘМС аясында тегін медициналық көмек қажет болса, онда өткен 12 ай үшін төлем жасап, сақтандыру мәртебесін ертерек алуға болады.
Мемлекет басшысы МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойғанынан бері халық арасында өзара талқылау болып жатыр. Осы ретте, Медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Торғайбайұлы ТМККК және МӘМС пакеттерінің бірыңғай пакетке айналуына байланысты ақпаратты "Түркістан" телеарнасында бөлісті.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Алғаш рет жүрек құрылғысы имплантацияланды Түркістан қалалық орталық ауруханасында 71 жастағы науқасқа екіқарыншалық кардиовертер - дефибриллятор (CRT - D) құрылғысы сәтті орнатылды. Бұл - жүрек ырғағы бұзылған және кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациенттерге арналған жоғары технологиялы ем.
Ота интервенциялық кардиология бөлімінің дәрігерлері Б.Усманов пен Ж.Жалиловтың қатысуымен өтті
Жүрек жұмысы жақсарып, науқастың жағдайы тұрақты
Операция МӘМС аясында тегін жүргізілді
Бұл - Түркістан медицинасы үшін жаңа серпіліс!
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Алғаш рет жүрек құрылғысы имплантацияланды Түркістан қалалық орталық ауруханасында 71 жастағы науқасқа екіқарыншалық кардиовертер - дефибриллятор (CRT - D) құрылғысы сәтті орнатылды. Бұл - жүрек ырғағы бұзылған және кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациенттерге арналған жоғары технологиялы ем.
Ота интервенциялық кардиология бөлімінің дәрігерлері Б.Усманов пен Ж.Жалиловтың қатысуымен өтті
Жүрек жұмысы жақсарып, науқастың жағдайы тұрақты
Операция МӘМС аясында тегін жүргізілді
Бұл - Түркістан медицинасы үшін жаңа серпіліс!
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
Жұмыссыздар мен тұрмысы төмен азаматтарға МӘМС жарнасын жергілікті бюджеттер төлейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында баяндады.
Спикер бүгінде елімізде шамамен 16,7 млн адам сақтандырылғанын, олардың 12,1 млн - ы жеңілдік берілген санаттарға жататынын айтты.
“3,3 млн адам МӘМС жүйесінен тыс қалады. Оның ішіндегі 2,4 млн азаматтың өмір сүру деңгейі орташа және қанағаттанарлық болса, 1 млн азаматтың табысы төмен. Осы санат үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдарға жүктеу ұсынылады. Сондай - ақ ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған шығыстар жергілікті бюджеттерге жүктелген”, - деді ол.
Оның мәліметінше денсаулық сақтау жүйесіне 2,8 трлн қосымша қаражат тарту жоспарлануда.
“Осы шаралардың арқасында 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір миллионнан астам адам қамтылады”, — деп қорытындылады Ләззат Шоманова.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде өзгерістер күшіне енеді. Бұл жүйе бұған дейін жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізе алмаған қосымша 1 миллионға жуық адамды қамтитын болады.
Олар - ресми жұмысы жоқ, бірақ жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған азаматтар. Енді бұл санаттағы азаматтардың сақтандыру жарналарын мемлекет - нақтырақ айтқанда, жергілікті бюджет есебінен әкімдіктер төлейтін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл - Қазақстан Президенті 2025 жылғы 14 шілдеде қол қойған №206 - VIII ҚРЗ заңындағы басты жаңалықтардың бірі. Осыған байланысты “Ашық НҚА” порталында денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл бұйрықта МӘМС жүйесінде қаражатты есептеу мен қайтару тәртібі нақтыланады.
Мемлекет есебінен кімдер сақтандырылады?
Жаңа нормаға сәйкес, жұмыспен қамту шараларымен қамтылмаған, ресми тіркеуден өткен жұмыссыз азаматтар үшін жарналарды әкімдіктер төлейді. Сондай - ақ бұл тетік әлеуметтік әл - ауқаты дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейге жататын азаматтарға да қолданылады. Бұл санаттар азаматтардың табыс деңгейі мен өмір сүру жағдайларын көрсететін әлеуметтік рейтинг негізінде айқындалады.
Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, 2026 жылы МӘМС жүйесінің қамту ауқымы еліміз халқының шамамен 5% - ына артады.
“2026 жылы жергілікті бюджеттер есебінен қосымша шамамен 1 миллион адамды (5%) МӘМС жүйесімен қамту жоспарланып отыр. Бұл азаматтар жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді. Нәтижесінде, ел халқының жалпы денсаулығы мен әл - ауқаты жақсарады”, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
МӘМС: Алғаш рет жүкті әйелге электрокардиостимулятор орнатылды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында алғаш рет 32 апта жүктілігі бар әйелге электрокардиостимулятор (ЭКС) сәтті орнатылды. Бұл ота МӘМС аясында жасалды.
Бұған дейін мұндай пациенттер республикалық ғылыми орталықтарға жолданатын. Енді бұл күрделі операция Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының өзінде жасалды.
Диагноз: толық АВ - блокада (III дәрежелі) — жүрек ырғағының ауыр бұзылысы, мұндай жағдайда жүрек өздігінен дұрыс жиырылмайды. Ал жүктілік кезінде бұл жағдай ана мен бала үшін аса қауіпті.
Шешім: тұрақты екі камералы электрокардиостимуляторды (ЭКС) имплантациялау.
Ота 2025 жылғы 26 маусымда Түркістан облыстық ауруханасында өткізілді. Оған Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми - зерттеу институтының интервенциялық аритмологы Паринбекова А.Б. қатысты.
Ота ұзақтығы - 35 минут, ешқандай асқынусыз өтті.
Жүктілік жалғасуда, ана мен баланың жағдайы — тұрақты.
#МӘМСТҮРКІСТАН
#ОСМСТУРКЕСТАН
#ФСМСТУРКЕСТАН
#ТУРКЕСТАН
Можно ли ИП платить взносы после отчетных месяцев?
Платить взносы можно как ежемесячно, так и авансом за будущий период.
Если же оплачивать позже, то образуется задолженность, и ИП утратит статус в ОСМС. К тому же, органы государственных доходов начисляют пеню за просрочку платежа.
При оплате важно без ошибок указать ИИН, ФИО, сумму платежа, иначе взносы могут вернуть.
Проверяйте возврат средств в течение 2 - 3 рабочих дней.
#әмсққызылорда #фсмскызылорда
Я уезжал за границу, не был в стране несколько месяцев. Мне нужно пройти лечение по ОСМС. Как восстановить статус?
Если ранее вы исправно платили взносы и были застрахованы, то вам достаточно погасить задолженность за пропущенный период, и статус снова будет присвоен (при наличии платежей за 12 прошедших месяцев).
Проверить наличие или отсутствие платежей за прошедший год можно на официальном сайте Фонда социального медицинского страхования, в мобильное приложении Qoldau 24/7, через Saqtandyry - bot в Telegram.
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
ЖК жарнаны есептік айдан кейін төлей ала ма?
Жарналарды ай сайын да, алдағы кезең үшін де алдын - ала төлеуге болады.
Егер сіз кейінірек төлесеңіз, онда берешек пайда болады және жеке кәсіпкер МӘМС - те мәртебесін жоғалтады. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер органдары төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл есептейді.
Төлем кезінде ЖСН, Тегі, Аты, Әкесінің аты, төлем сомасын қатесіз көрсету маңызды, әйтпесе жарналар кері қайтарылуы мүмкін.
2 - 3 жұмыс күні ішінде қаражаттың кері қайтарылуын тексеріңіз.
#әмсққызылорда #фсмскызылорда #жекекәсіпкер
Мен шетелде жүріп, бірнеше ай елде болмадым. Енді МӘМС бойынша емделуім керек. Мәртебемді қалай қалпына келтірсем болады?
Егер сіз бұған дейін тұрақты түрде жарна төлеп, сақтандырылған болсаңыз, онда өткізіп алған кезең үшін қарызды өтесеңіз жеткілікті. Өткен 12 ай үшін төлем болған жағдайда мәртебе қайта беріледі.
Өткен бір жылдағы төлемдердің бар - жоғын келесі жолдармен тексеруге болады:
- msqory.kz ресми сайтында
- Telegram - дағы @SaqtandyrýBot арқылы
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында
- egov.kz сайтындағы жеке кабинетте
- Damumed - тегі жеке кабинетте
- Банктердің мобильді қосымшаларында
#МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
TENGRI TV арнасына берген сұхбатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов ГОБМП (Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі) және МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) аясында қандай қызметтер қолжетімді екенін айтып берді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев @24kz_tv телеарнасының «Күн тәртібі» бағдарламасында МӘМС жүйесінің артықшылықтары жайлы айтты.
Жаңа мекен - жай бойынша емханаға қалай тіркелуге болады?
Емханаға тіркелу электрондық үкімет порталы арқылы тиісті мемлекеттік қызмет шеңберінде жүзеге асырылады. Алдымен өзіңіздің тұратын аумағыңыз қай емханаға қарайтынын анықтау қажет. Мұны аймақтық анықтама қызметі арқылы білуге болады (мысалы, Астанада - 109 нөмірі).
Содан кейін порталда авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Жеке кабинетте (қызметтер алу тарихы бөлімінде) өтініміңіздің қаралуы жөнінде хабарламамен танысуға болады.
Қызмет көрсету мерзімі өтіп кетсе, сіз тіркелуге сұраныс жіберген медициналық ұйымға тікелей жүгіне аласыз.
Тіркеуден бас тартпас үшін алдын ала емханада бос орындардың бар - жоғын нақтылап алған жөн.
#мәмс #әмсқсқо #мәмссқо
МӘМС туралы жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек алу мәселесі бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жаңа топтамасын дайындады. Олардың басым бөлігі сақтандыру мәртебесіне қатысты.
Елімізде МӘМС жүйесі 2020 жылдан бастап енгізілді және амбулаториялық көмектен бастап, күрделі хирургиялық операцияларға дейінгі кең ауқымды медициналық қызметтерді қамтиды. Дегенмен, қазақстандықтардың көпшілігі сақтандырылғанына қарамастан, мәртебе мен медициналық көмек алу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар әлі де туындайды.
- «Әрбір азамат МӘМС жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсініп, өз құқықтарын пайдалана білуі маңызды. Біз халықты мазалайтын және жиі қойылатын сұрақтарды жинап, оларға нақты әрі түсінікті жауаптар беруге тырыстық», - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
1. Мен жақында ресми жұмысқа орналастым. Енді МӘМС қашаннан бастап күшіне енеді?
Сақтандырылған мәртебесі қатарынан 12 ай (өткен немесе алдағы) үшін тұрақты төлем жасалған жағдайда беріледі. Егер сіз бұған дейін ресми жұмыс істемесеңіз, жұмыссыз ретінде жеңілдік санатына кірмесеңіз және төлемді жеке төлеуші ретінде жасамаған болсаңыз, онда жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру мәртебесі беріледі. Егер осы кезеңге дейін МӘМС бойынша медициналық көмек қажет болса, онда өткен 12 ай үшін төлем жасап, сақтандыру мәртебесін алуға болады.
2. Жақында несие алмақ болып едім, жұмыс берушім мен үшін төлем жасамайтынын білдім. Алайда жалақымнан жарна ұстап жүр екен. Бұл маған қалай әсер етеді және не істеуім керек?
Егер сіз ресми түрде жұмыс істеп жүріп, жалақыдан жарна ұсталғанымен, жұмыс беруші Қорға төлем жасамаса, сіздің атыңыздан МӘМС жүйесінде қарыз жиналады. Соның салдарынан сіздің сақтандырылған мәртебеңіз жойылып, сақтандыру пакетіндегі қызметтер - салалық дәрігерлердің кеңесі, диагностикалық тексерулер, жоспарлы операциялар және т.б. - ала алмайсыз. Бұл жағдайда өз ұйымыңыздың бухгалтериясына жүгініп, төлемдердің неге жасалмағанын анықтауыңыз қажет. Мүмкін төлем дұрыс жүргізілмеген шығар немесе техникалық қате кеткен болар. Егер бұл жұмыс берушінің жауапсыздығынан болса, онда сіз мемлекеттік кірістер органдарына немесе еңбек инспекциясына шағым түсіріп, өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.
3. Мен шетелде жүріп, бірнеше ай елде болмадым. Енді МӘМС бойынша емделуім керек. Мәртебемді қалай қалпына келтірсем болады?
Егер сіз бұған дейін тұрақты түрде жарна төлеп, сақтандырылған болсаңыз, онда өткізіп алған кезең үшін қарызды өтесеңіз жеткілікті. Өткен 12 ай үшін төлем болған жағдайда мәртебе қайта беріледі. Өткен бір жылдағы төлемдердің бар - жоғын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан (https://msqory.kz/ru/), Qoldau 24/7 мобильді қосымшасынан немесе Telegram желісіндегі Saqtandyry - bot арқылы тексеруге болады.
4. Мен басқа қаладан көшіп келдім. Жаңа мекен - жай бойынша емханаға қалай тіркелемін?
Емханаға тіркелу электрондық үкімет порталы арқылы (https://egov.kz/cms/ru/services/child/494pass_mz) тиісті мемлекеттік қызмет шеңберінде жүзеге асырылады. Алдымен өзіңіздің тұратын аумағыңыз қай емханаға қарайтынын анықтау қажет. Мұны аймақтық анықтама қызметі арқылы білуге болады (мысалы, Астанада - 109 нөмірі). Содан кейін порталда авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Жеке кабинетте (қызметтер алу тарихы бөлімінде) өтініміңіздің қаралуы жөнінде хабарламамен танысуға болады. Қызмет көрсету мерзімі өтіп кетсе, сіз тіркелуге сұраныс жіберген медициналық ұйымға тікелей жүгіне аласыз.
Тіркеуден бас тартпас үшін алдын ала емханада бос орындардың бар - жоғын нақтылап алған жөн.
5. Мен жүкті әйелмін, жеке гинекологқа қаралып жүрмін. Скринингтерді МӘМС арқылы тегін өте аламын ба?
Иә, скринингтік тексерулер, соның ішінде пренаталдық скрининг те МӘМС пакетіне кіреді. Сондай - ақ жүкті әйелге зертханалық талдаулар, құралдық диагностика, бейінді мамандардың кеңесі де қолжетімді. Медициналық бақылаудан дер кезінде өту үшін тіркелген емханаңызда жүктілік бойынша есепке (12 аптаға дейін) тұру қажет.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Ресми сайт - https://msqory.kz/ru/
Youtube - канал - https://www.youtube.com/@msqory_kz
Telegram - канал - https://www.youtube.com/@msqory_kz
Facebook - https://www.facebook.com/msqory/
Instagram - https://www.instagram.com/msqory_kz/
МӘМС аясында жүрекке жасалатын күрделі оталар Астанада ғана емес, еліміздің өңірлерінде де қолжетімді. Емнің толық құны жүйенің қаражаты есебінен жабылады. Бұл туралы «UMC» корпоративтік қоры Жүрек орталығының хирургия бойынша директоры Ермағамбет Қуатбаев айтты.
#мәмстүркістан
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МӘМС ТӨЛЕМДЕРІ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Жеке кәсіпкерлер үшін МӘМС - ке тұрақты түрде жарна төлеу маңызды. Себебі бұл сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін мәртебені сақтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылы жарналарды қалай дұрыс әрі ыңғайлы төлеу керектігін түсіндірді.
Жеке кәсіпкерлер үшін МӘМС - ке тұрақты түрде жарна төлеу маңызды. Себебі бұл сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін мәртебені сақтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылы жарналарды қалай дұрыс әрі ыңғайлы төлеу керектігін түсіндірді.
Қанша және қалай төлеу керек?
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар басқа әлеуметтік аударымдармен бірге тұрақты жарна төлейді. Ол ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5% - ын құрайды, яғни 2025 жылы - 5 950 теңге. Егер жалдамалы жұмысшылар болса, олар үшін қосымша төлем жасау қажет. Жұмыс беруші тарапынан олардың табысының 3% - ы (бірақ 25 500 теңгеден аспайды) және қызметкерлердің өздерінен 2% (17 000 теңгеге дейін) ұстайды.
Егер кәсіпкер жалдамалы жұмыс істесе, ол жарналарды жеке кәсіпкер және қызметкер ретінде де төлеуі тиіс.
Кейбір санаттар жарналардан босатылған. Атап айтар болсақ, қызметі тоқтатылған жеке кәсіпкерлер, мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар және күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер.
Белсенді жеке кәсіпкерлікпен айналысатын декреттегі әйелдер қызметін тоқтатпаған жағдайда жарналарды төлеу керек.
Неліктен уақытында төлеу маңызды?
Жарналарды ай сайын немесе бірнеше айға алдын ала төлеуге болады. Төлемнің мерзімі кешіктірілсе қарыз бен өсімпұл қосылып, азамат МӘМС жүйесіндегі мәртебесін жоғалтады.
«Жарналарды уақытылы және міндетті түрде төлеу — баршаның сапалы медициналық көмек алуына кепілдік береді. Жеке кәсіпкерлер тегін емделу құқығын сақтау үшін осыны естен шығармауы тиіс», — дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өкілі Забира Оразалиева.
Бұдан бөлек жеке кәсіпкер жеке клиникаларда емделсе де, төлем жасаудан бас тартуға болмайды. Себебі МӘМС мемлекеттік және жекеменшік мекемелердегі қызметтерді де қамтиды. Егер жеке кәсіпкер қызметін тоқтатса, ол кәсіпкер ретінде төлеуін тоқтатып, жарналарды өз еркімен немесе жұмыс беруші арқылы төлеп, сақтандыру мәртебесін сақтап қала алады.
Төлемдерді (жарналар мен аударымдар) банктер, мобильді қосымшалар және «Қазпошта» АҚ кассалары арқылы 122 және 121 кодтарымен төлеуге болады. Осы ретте ЖСН, толық аты - жөні және сомасын дұрыс көрсеткен абзал.
#мәмстүркістан
Менен жарналарды төлеуді талап етуде, бірақ мен жеңілдік санатына кіремін. Айтуларынша, мен МӘМС жүйесінде сақтандырылмағанмын. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Егер пациент жеңілдік санатына кіретін болса, оның жарналарын мемлекет төлейді, сондықтан ол өзі ешқандай төлем жасамауы тиіс.
Егер пациенттің мәртебесі болмаса, оның себебін анықтау қажет. Мысалы, күндізгі бөлімде оқитын студент туралы мәліметтер Ұлттық білім беру дерекқорына енгізілмеген болуы мүмкін, сондықтан ол сақтандыру мәртебесін жоғалтқан. Немесе азамат мерзімді әскери қызметтен өткен, бірақ бұл деректер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілмеген болуы мүмкін.
Жағдайды нақтылау және мәртебені жаңарту үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келесі байланыс арналары арқылы жүгіну қажет:
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- msqory.kz ресми сайты
- Telegram - дағы @SaqtandyrýBot
- 1414 байланыс орталығы
Бірыңғай медициналық көмек пакеті: сақтандырылған қазақстандықтар қандай қызметтерді тегін ала алады
2025 жылы медициналық көмек көрсетуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) 2,96 трлн теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Оның ішінде 1,3 трлн теңгеден астамы — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті аясындағы көмекке бөлінген. Бұл қаражатқа бейінді мамандардың консультациясы, зертханалық талдаулар, аспаптық диагностика, күндізгі және тәуліктік стационарларда жоспарлы емделу немесе операциялар жүргізу қарастырылған.
2025 жылдан бастап МӘМС пакетіне консультативтік - диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек 12 созылмалы ауру бойынша жоспарлы түрде енеді.
2026 жылдан бастап бұл тізімге қалған созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар, сондай - ақ амбулаториялық гемодиализ енгізіледі.
МӘМС жүйесінде пациенттің жолы учаскелік дәрігерден басталады - бұл бастапқы буын, әрі қарайғы емдеу осы дәрігердің бағалауына байланысты болады. Дәрігер науқастың жағдайын бағалап, алдын ала диагноз қойып, консультативтік - диагностикалық қызметтерге жолдама береді. Қажет болған жағдайда стационарда емдеу немесе ота жасау тағайындалады. Кейін амбулаториялық бақылау жүргізіледі. Белгілі бір уақыттан кейін медициналық оңалту тағайындалуы мүмкін.
МӘМС бойынша келесі қызметтер төленеді:
- Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету;
- Алдын алу медициналық тексерулер;
- ПМСП (первичная медико - санитарная помощь) дәрігерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандардың қабылдауы мен кеңестері;
- Созылмалы аурулары бар азаматтарды бейінді мамандардың динамикалық бақылауы;
- Белгілі бір санаттағы азаматтарға шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
- Диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (белгіленген тізім бойынша);
- Белгілі бір санаттағы азаматтарға стоматологиялық қызметтер;
- Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек стационарды алмастыратын жағдайда (МӘМС - ке кірмейтін ауруларды қоспағанда);
- Үй жағдайында стационар қызметтері (ауру асқынған кезде);
- Жоспарлы түрде стационарлық жағдайда мамандандырылған көмек көрсету;
- Шұғыл жағдайда стационарлық көмек көрсету, сонымен қатар диагноз нақты анықталғанға дейін тәуліктік стационардың қабылдау бөлімінде емдік - диагностикалық шараларды жүргізу;
- Медициналық оңалту;
- Патологоанатомиялық диагностика;
- Қайтыс болған донорды дайындау;
- Стационарлық, стационарды алмастыратын, амбулаториялық жағдайда көрсетілетін алғашқы және мамандандырылған көмек кезінде дәрі - дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету (белгіленген санаттағы азаматтарға арналған арнайы тізімге сәйкес).
МӘМС арқылы қажетті дәрі - дәрмектерді қалай алуға болады? Тегін дәрі - дәрмек белгілі бір аурулар кезінде беріледі. (Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай - күйлері) бар жекелеген санаттағы азаматтарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығы

МӘМС ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНДАҒЫ АЗАМАТТАР ҮШІН 2025 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде 15 жеңілдік санаты бар. Бұл санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Жеңілдік санатына жататындар: Балалар (18 жасқа дейін) Зейнеткерлер (оның ішінде ҰОС ардагерлері) Көпбалалы аналар (Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері) Мүгедектер Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар ;

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе - бет келетін проблемалық жағдайларды жедел шешу де осы қызметтер мамандарының міндеттеріне жатады. Қажет болған жағдайда олар ішкі аудит жү;

МӘМС жүйесін жетілдіру шеңберіндегі заң жобасының негізгі жаңалықтары Үздік халықаралық практикаларға сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі елдің әрбір тұрғыны үшін денсаулық сақтаудағы базалық кепілдіктерді іске асыруға және медициналық көмекті қаржыландырудың ұзақ мерзімді тұрақтылығына бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістерді ұсынады. Бүгін Парламент Мәжілісінің Комитеті отырысының барысында
Қызметкер үшін төленген қаражат жұмыс берушіге келесі жағдайларда кері қайтарылуы мүмкін: 1) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің құжаттары (жеке куәліктің) ауысқан болса; 2) Егер қаражатты аудару кезінде қызметкердің деректері дұрыс енгізілмеген болса (ЖСН, ТАӘ - дегі қателер); 3) егер қызметкердің жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылатын қандай да бір жеңілдікті санатқа кірсе: • балалар; • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; • зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері; • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай - ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; • мүгедектігі бар адамдар; • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай - ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар. Яғни, егер сіз жеңілдікті санаттардың біріне кірсеңіз, жұмыс беруші сіз үшін жарналар мен аударымдарды төлемеуі керек.
#мәмстүркістан #осмстуркестан #фсмстуркестан #Туркестан
🔃МӘМС жарналарын ЖК «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңдарына сәйкес төлейді (салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрғандарды немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда).
Жеке кәсіпкер келесі санаттарға кірсе жарналар мен аударымдарды төлемейді:
▪ балалар (18 жасқа дейін); ▪ зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай - ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар; ▪ мүгедектігі бар адамдар; ▪ орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай - ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар.
Толық ақпарат алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келесі кері байланыс арналары арқылы өтініш жіберуге болады: msqory.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram - дағы SaqtandyrýBot.
#мәмстүркістан #осмстуркестан #фсмстуркестан #Туркестан
Азамат ресми жұмысқа орналасқан, жұмыс беруші ол үшін төлемдер жасайды. Одан бөлек бұл азаматтың жұмыс істеп тұрған жеке кәсібі бар, мұндай жағдайда ол ЖК атынан МӘМС - ке жарна төлеу керек пе?
Жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер, азаматтық - құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыскерлер және жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарын төлеушілер болып табылады («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 14 - бабының 2 - тармағы).
Егер жалдамалы жұмыскер кәсіпкерлік қызметті де жүзеге асырса, онда МӘМС төлемдері келесідей болады:
1) жалдамалы жұмыскер ретінде МӘМС - ке жарналар қызметкердің табысынан 2% мөлшерінде төленеді, МӘМС - ке аударымдар жұмыс берушінің есебінен 3% мөлшерінде төленеді;
2) ЖК ретінде төлеуші МӘМС жарналарын да төлейді, бірақ табыстан емес, ең төменгі жалақының 1,4 бөлігінің 5% мөлшерінде жарна (2024 және 2025 жылдары 5950 теңге) төлейді.
Осылайша, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкер болып табылса және салық есептілігін (ҚР Салық заңнамасына сәйкес) ұсынуды тоқтата тұрмаған немесе әрекетсіз деп танылмаған жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, онда МӘМС жарналарын ЖК ретінде төлеу жөніндегі міндет одан алынбайды.
#мәмстүркістан #осмстуркестан #фсмстуркестан #Туркестан
МӘМС - тегі мәртебені қалай жылдам тексеруге болады
Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн - сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
Қордың ЖСН енгізіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер жатады:
- msqory.kz ресми сайты - парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы - бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру» пәрмені арқылы;
- Telegram - дағы @SaqtandyrýBot - негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау» пәрмені арқылы.
Сондай - ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екінші деңгейдегі банктермен және медициналық ақпараттық жүйелерді жеткізушілермен тиісті келісімдер жасай отырып, сақтандыру мәртебесін тексеру және жарналарды төлеу үшін сервистерді кеңейту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік келесідей мобильді қосымшаларда қолжетімді:
- Damumed
- Halyk (Халық банкі)
- BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
- Kaspi.kz (Kaspi Bank)
- Forte (Forte Bank)
- Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
- Bereke bank (Bereke Банк)
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударымдардың және/немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі бар.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңы 2015.16.11 № 405 - V |
СКРИНИНГТЕР МӘМС ЖОҚ БАРЛЫҚ АЗАМАТТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
2026 жылғы қаңтардан бастап медициналық көмектің бірыңғай пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталады, ол:
қызметтердің қайталануын қоспағанда, ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажырату;
аурулардың ерте профилактикасының қолжетімділігін арттыру;
әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте анықтау бойынша кепілдіктерді кеңейту;
ресурстарды қайта бөлудің есебінен жүйенің қаржылық тұрақтылығы;
денсаулық сақтаудың толыққанды сақтандыру моделіне жақындау.
Медициналық көмектің бірыңғай пакеті шеңберінде онкологиялық ауруларды, артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы және қант диабетін ертерек анықтауға арналған скринингтер МӘМС мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді болады.
ТМККК пакетінде онкоскринингтердің жалпыға бірдей қолжетімділігі қатерлі ісіктерді ерте сатыларда уақтылы диагностикалауды және емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жүрек-қан тамырлары ауруларын, глаукоманы және қант диабетін уақтылы анықтау асқынулардың алдын алуға және мүгедектікті азайтуға жағдай жасайды.

































































