Бала өмірге келіп, өздігінен жүріп-тұруға дағдыланғанға дейін белгілі бір уақыт қажет. Осындай кезеңді бүгінде инсульт алған, түрлі жарақаттар мен хирургиялық оталардан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатқан көптеген азаматтар қайта бастан өткеруде.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі үміті сөне жаздаған науқастарға медициналық оңалту қызметтерін алуға мүмкіндік беріп отыр. Шымкент қаласында МӘМС шеңберінде қозғалыс мүмкіндігі шектелген азаматтарға арналған оңалту шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Азаматтар кешенді медициналық көмектің бірнеше түрімен қамтылып, қалыпты өмірге қайта бейімделуде.
Толығырақ @turkistantvkz Turkistan tv телеарнасында:
