МӘМС қаражаты есебінен жасалатын ота түрлері мыңдаған адамның өміріне араша болуда. Жоғары технологиялы медициналық көмек – дәрі-дәрмек пен басқа да ем-шаралардан нәтиже болмаған жағдайда адам өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі. Кезінде қазақстандықтар шет ел асып жасататын күрделі операциялар бүгінде еліміздегі медициналық ұйымдарда жасалуда.
Мақаламызда 2026 жылдың қаңтар айында елімізде жасалған күрделі 10 операцияны жинақтадық.

